Маңғыстаудың төл тумасы
Маңғыстаудың төл тумасы, өз заманының көрнекті тұлғасы, Бейнеу ауданын алғаш басқарған басшылардың бірі- Дүйсембі Әріпов ағамыз биылғы қаңтар айында 85 жасқа толды. Оқырмандарға ағаның еңбек жолы, өнегелі істері Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында шараға қатысқан оқырмандарға жіліктеп жеткізілді. Қызмет барысында еліміздің көрнекті тұлғаларымен кездескені, заманның заңғары Әбіш Кекілбаевтың ұстазы болғандығы, кадрлық қамқорлығы, Республика бойынша алдыңғы аудандар қатарында қызмет атқарғаны бәрі-бәрі жастарға сабақ ретінде айтылды. Оқырмандар өз кезегінде мерейтой иесіне арналған өлеңдер оқып, өнерлерін көрсетті. Қолынан қаламы түспеген Дүйсембі ағаның жады әлі мықты, көрген-білгендерін кейінгі ұрпаққа даналық кітап етіп қалдыру үстінде. Жақында жаңа кітаптарының тұсауы кесілмекші. Айтары көп ағамызға Алланың берген ғұмырын жасай беріңіз деп зор денсаулық тілейміз!
Кітап көрмені тамашалауға шақырамыз! 12.01.2023 жылы Оқу залында Мемлекет және қоғам ...
2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, ...
Кітапханамызда 12-16 желтоқсан күндерінде 16-желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай ...
2 желтоқсан күні конференц залында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі ...
Бүгін облыстық кітапханасында ҰОС ардагері, Жаңаөзен қаланың құрметті азаматы, ...
Облыстық кітапханада Саламат Мұқашевты еске алу кеші өтті. Басқосуда еліміздің ...
ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МЕРЕЙІ МЕН ДЕҢГЕЙІ, ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ӨРКЕНІН ӨСІРУДЕ ...
Құрметті оқырмандар! Кітап қорымыз жаңа кітаппен толығуда. 19 қазан күні ...
Техникалық әдебиеттер бөліміне қыркүйек айының 15 жұлдызы күні N 25 мектептің ...
14 қыркүйекте "Мейірбике" жоғары медициналық колледжінің мәжіліс залында ...