• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Әдеби – музыкалық қонақжайымызда...

15 қазан күні  Өнер бөлімі «Екі өмір,екі тағдыр» атты әдеби – музыкалық қонақжайда  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнүранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері  Ж.Нәжімеденовтың туғанына 80 жыл және композитор,Қазақстанның халық әртісі Ш.Қалдаяқовтың туғанына 85 жыл толуына орай кеш ұйымдастырылды.

Қонақжайымыздың сыйлы қонағы етіп   ҚР мәдениет қайраткері, Маңғыстаудын бірінші кәсіби әншісі Нұрияш Оспанованы шақырылды. Сонымен қатар кешке Маңғыстау гуманитарлық колледж студенттері,Маңғыстау өнер колледжінің «Хореография», «Хор дирижері», «Ән салу», «Домбырамен ән салу» бөлімдерінің студенттері мен Дүние жүзі музыка әдебиеті пәнінің мұғалімі Джумашева Рабиға, кітапханашы Круглова О.,№6656 әскери бөлімінің сарбаздары да қатысты.    «Ақтау ақпарат» телеарнасы, «Маңғыстау» газетінің тілшілері де қатысты.Қонақжайымызда  поэзия мен  музыка әлемін ұштастырғандықтан ақын Ж.Нәжімеденовтың өлеңдері,композитор Ш.Қалдаяқовтың әндері шырқалды. Кеш қонағы әнші Н.Оспанова және кешке қатысушылар бірігіп  Ш.Қалдаяқовтың бірнеше әнін орындады. Өнер бөлімінің кітапханашысы Нағашыбаева Р. ақын Ж.Нәжімеденовтың , Ш.Қалдаяқовтың өмірбаянын  тартымды баяндап берді, екеуінің ортақ туындысы «Менің Қазақстаным» әнінің  шығу тарихымен таныстырды. Ш.Қалдаяқовтың – «Цыган серенадасы», «Арыс жағасында» әндерінің туу тарихымен таныстырылды. Ж.Нәжімеденов творчествосынан – Аспан шақырады кітабында ; әңгімелер,хикаяттар,мақалалары жарияланғанын қысқаша атап өтті. «Ей,жас өмір», «Тер», «Сымдар», «Шағыл», «Теңіз»  өлеңдері оқылды.Кеш тартымды өтті.         



16 қыркүйек күні  облыстық кітапханасында ақын, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби ...

Жаңалыққа өту  

Облысымызда отбасы күніне орай кимешек киген аналар шеруі ұйымдастырылып, ...

Жаңалыққа өту  

7 қыркүйек күні облыстық кітапханасының өнер бөлімінде Қазақстандық және ...

Жаңалыққа өту  

Елiне асығып, туған жерiнiң топырағын иiскеу бақытына ие бола алмай жүрген ...

Жаңалыққа өту  

 22 шілде күні облыстық кітапханасының Өлкетану залында "Өзі батыр әрі би Бабық ...

Жаңалыққа өту  

18-19 шілде күндері облыстық кітапханада "ҚИССА сүл-әнбия", "Бейсен және болмыс" ...

Жаңалыққа өту  

" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН". Бүгін Қ. Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау ...

Жаңалыққа өту  

Жақында кітапхана қорынан ала аласыздар! ...

Жаңалыққа өту  

⚜️АЙТУҒАН ЖЫРАУДЫҢ 220 жылдығына орай. Бүгін өлкетану залында маңғыстаулық ақын, ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін елімізде Ұлттық домбыра күні!  Құрметті оқырмандар! Сіздерді ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу