Маңғыстаудың төл тумасы
Маңғыстаудың төл тумасы, өз заманының көрнекті тұлғасы, Бейнеу ауданын алғаш басқарған басшылардың бірі- Дүйсембі Әріпов ағамыз биылғы қаңтар айында 85 жасқа толды. Оқырмандарға ағаның еңбек жолы, өнегелі істері Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында шараға қатысқан оқырмандарға жіліктеп жеткізілді. Қызмет барысында еліміздің көрнекті тұлғаларымен кездескені, заманның заңғары Әбіш Кекілбаевтың ұстазы болғандығы, кадрлық қамқорлығы, Республика бойынша алдыңғы аудандар қатарында қызмет атқарғаны бәрі-бәрі жастарға сабақ ретінде айтылды. Оқырмандар өз кезегінде мерейтой иесіне арналған өлеңдер оқып, өнерлерін көрсетті. Қолынан қаламы түспеген Дүйсембі ағаның жады әлі мықты, көрген-білгендерін кейінгі ұрпаққа даналық кітап етіп қалдыру үстінде. Жақында жаңа кітаптарының тұсауы кесілмекші. Айтары көп ағамызға Алланың берген ғұмырын жасай беріңіз деп зор денсаулық тілейміз!
16 қыркүйек күні облыстық кітапханасында ақын, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби ...
Облысымызда отбасы күніне орай кимешек киген аналар шеруі ұйымдастырылып, ...
7 қыркүйек күні облыстық кітапханасының өнер бөлімінде Қазақстандық және ...
Елiне асығып, туған жерiнiң топырағын иiскеу бақытына ие бола алмай жүрген ...
22 шілде күні облыстық кітапханасының Өлкетану залында "Өзі батыр әрі би Бабық ...
18-19 шілде күндері облыстық кітапханада "ҚИССА сүл-әнбия", "Бейсен және болмыс" ...
" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН". Бүгін Қ. Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау ...
Жақында кітапхана қорынан ала аласыздар! ...
⚜️АЙТУҒАН ЖЫРАУДЫҢ 220 жылдығына орай. Бүгін өлкетану залында маңғыстаулық ақын, ...
Бүгін елімізде Ұлттық домбыра күні! Құрметті оқырмандар! Сіздерді ...