• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 08:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Облыстық кітапхана – өлкеміздің рухани орталығы

Әрбір халықтың рухани құндылығы – оның ұлттық мәдениетінің алтын қоры. Осындай құндылықты, бабалар аманатын сан жылдар бойы сақтап, қор ретінде шоғырландырып отырған құтты орын – кітапхана.  

15 қаңтар күні Өлкетану залы Халық әншісі, күйші Абыл Тарақұлының туғанына 205 жыл толуына орай «Алашқа аты мәлім Абыл күйші» атты онлайн ақпарат берілді. Абыл Тарақұлы күйші, Маңғыстау домбырашылық мектебінің негізін салушы. Жастайынан ән мен күйді серік етіп, Боғда,Қошқар сынды күйшілерді өзіне ұстаз тұтқан. Олардың күйлерін үйреніп қана қоймай, бертін келе өзі де күй шығарып, орындаушылық күйшілік өнерімен танылған Абыл Тарақұлына әлеуметтік желіде  ақпарат жарияланды. 

21 қаңтар күні Өлкетану залы ақын, филология ғылымының кандидаты Оңайгүл Тұржан 70 жасқа толуына орай «Теңіздер шөлдейді» тақырыбында әлеуметтік желідегі парақшаларында ақпарат берілді. Ақынның шығармашылығына кеңінен тоқталып, әдебиетке, ғылымға қатысты биік болмысы жайлы баяндалды.    https://www.instagram.com/reel/DFIC2OmM-FC/?utm_source=ig_web_copy_link

24 қаңтар күні Өлкетану залы «Бір өлке- бір тұлға» акциясы аясында биыл  ақын Сабыр Адайдың шығармалары таңдалып алынды.Ақынның шығармаларынан  көрме жасақталып, кітаптары оқырмандарға насихатталады. От ауыз, орақ тілді, қабырғалы қайсар қаламгер ретінде, ұлттық рух пен сананың кемелденуіне, туған тіл мен мәдениетіміздің сақаталуына, ұлттың тарихи жадын жаңғыртуға қосқан еңбегі зор. Өскелең өрен жігерін жани алар асқақ рухты, тегеурінді, жасын жырлары ұлттық бояуы қанық, пәлсапалық ойы басым ақын.Сондықтанда жырлары барша оқырманға арналған. Жас ұрпаққа берер өнегесі мол және асқақ рухты жырларын оқуға шақырамыз. 

31 қаңтар күні облыстық кітапханасының конференц залында Қазақстан Жазушылар Одағы Маңғыстау облыстық филиалы мүшелерімен  кездесу кеші өтті. Кешіне Мәдениет басқармасы мен қызметкерлері, Жазушылар одағының мүшелері, шығармашылық интелигенция қатысты. Шара барысында облыстық кітапханасының өлкетану залының ұйымдастыруымен «Маңғыстау әдебиеті мен мәдениеті» атты кітап көрмесі жасақталып, көпшілікке таныстырылды. 

31қаңтар күні Өлкетану залы  өлке тарихшысы Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Б.Төлеуғалиұлы 85 жасқа толуына орай «Ұран оттың ұшқыны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. М.Өскінбаев атындағы облыстық филармониясында жазушының шығармашылық кеші өтті. Кеш қонақтары жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесімен танысты. 

12 ақпан Өлкетану залында қоғам қайраткері Шабаз Иманалиевтің 85 жылдығына  «Азамат боп ғұмыр кешкен жан» атты еске алу кеші өтті. Шабаз Иманалиевтің  рухына арналған бұл кеш -  оның шығармашылық мұрасын дәріптеу мен болашақ ұрпаққа насихаттаудың жарқын үлгісі болды. Жиналғандар оның еңбегіне деген құрметін білдіріп, өмір жолынан тағылым алды. Шара барысында  «Ғибратты ғұмыр» атты көрме ұйымдастырылып, өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетілді. 

21 ақпан күні Өлкетану залы Маңғыстаудағы дәстүрлі күйшілік ортаның көрнекті өкілі - Есір Айшуақұлының 185 жылдығына «Көне күннің күмбірі» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды. Шара барысында күйшінің өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәлімет берілді. Ақын, композитор Көмек Ыбырайұлы, күйші Роза Тайманқызы, Маңғыстау облыстық филармониясының күйшісі Майлыбай Қайсар аталған іс-шараға арнайы келіп, Есір атамыз жөнінде жақсы әңгімелерайтты, автор шығармаларының шығу тарихын айта отырып күйден шашу шашты. 

17 сәуір күні Өлкетану залында Ұлы тұлға — Бекет атаның өмірі мен діни-ағартушылық қызметін насихаттау, өскелең ұрпаққа рухани тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында тарихи-танымдық сағат өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға Бекет атаның өмірі мен қызметі туралы деректі мәліметтер ұсынылып, оның діни-ағартушылық рөлі мен ел ішіндегі тарихи орны туралы баяндалды. Имам Әнуар Елжан қатысушылармен рухани сұхбат жүргізіп, Бекет атаның ислам діні мен ел бірлігін нығайтудағы еңбегі туралы терең мағыналы ойларымен бөлісті. Іс-шара жастардың тарихи тұлғаларға деген құрметін арттырып, дін мен дәстүр сабақтастығы жайлы түсінігін кеңейтті.

19 сәуір күні Өлкетану залы өлкенің белгілі сатирик–журналисті Қожахмет Демеубергенұлының 75 жасына «Сатира саңлағы» атты онлайн ақпарат ұсынды. Онлайн форматтағы  материалдарда оның сатира саласына қосқан үлесі, елге танымал туындылары мен баспасөздегі қызмет жолы қамтылды.

https://www.instagram.com/mangystau_kitapkhana/reel/DI86sgPs2r7/

29 сәуір күні Өлкетану залы «Бір өлке – бір тұлға» акциясы аясында ақын Сабыр Адайдың шығармаларын дәріптеп,  жас ұрпаққа  туған өлкенің көрнекті тұлғаларын таныстыру мақсатында  Ш.Есенов атындағы университеті, «Болашақ» колледжі студенттеріне және  «Шыңырау» әдеби клуб мүшелеріне таныстырылымы өтті.



28 сәуір күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында "Қыз ...

Жаңалыққа өту  

2-сәуір күні  «Бір ел – бір кітап» атты республикалық акциясы аясында облыстық ...

Жаңалыққа өту  

22 сәуір күні облыстық кітапханасының өнер бөлімінің ұйымдастыруымен ALIYA TUMAN сән ...

Жаңалыққа өту  

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір ...

Жаңалыққа өту  

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні - жыл сайын 28 сәуірде атап өтілетін мереке. Бұл ...

Жаңалыққа өту  

23-сәуір - Бүкіләлемдік кітап күніне орай облыстық кітапханада "КІТАПХАНА ТҮНІ" - ...

Жаңалыққа өту  

12-сәуір күні облыстық кітапханада "Мағжанмен бір жыл" жобасы аясында «Солтүстік ...

Жаңалыққа өту  

Бір ғасырды бір ғасыр алмастырып, жаңа тарих туса да сол тарихты жасаған ...

Жаңалыққа өту  

Тілшіміздің жинағы түрік тілінде жарық көрді “Маңғыстау” газетінің белді ...

Жаңалыққа өту  

30 наурыз күні облыстық кітапхана техникалық әдебиет бөлімінде "Табиғат әлемінің ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу