«Өмірде шектеу жоқ» Ник Вуйчич
20 қараша күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау обылыстық әмбебап кітапханасының Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арнаған кітапхана филиалы Маңғыстау облыстық Білім басқармасына қарасты «Облыстық арнайы мектеп интернаты» КММ ат басын бұрды. Мұнда барудағы басты мақсат - арнаулы кітапхана филиалына келіп түскен бедерлі-нүктелі Брайль қаріпіндегі жаңа әдебиеттермен таныстыру. Шарамызды арнайы шақыртылған қонағымыз Қазақстан Діни Басқармасы облыстық орталық мешітінің найб имамы Байкенже Серікбайұлы бастап берді. Ол, оқудың маңыздылығына тоқтала отырып, орталық мешіт тарапынан алғашқы рет өткізілетін Брайль жүйесі бойынша кітап оқу сайысы туралы егжей-тегжейлі таныстырып өтті. Бұл сайыс оқушылар үшін өз білімдері мен дағдыларын көрсетуге үлкен мүмкіндік екенін атап айтты. Және барлық кітап сүйер оқушыны сол сайысқа қатысуға шақырды. Ары қарай тізгінді арнаулы кітапхана филиалының кітапханашысы Шакиева Күлмараш қолына алды. Кітапхана филиалы тарпынан жасақталған жылжымалы кітап көрмесімен жан-жақты таныстырды. Биылғы жылғы келіп түскен кітаптардың тізімінен бастап, әр кітаптың мазмұнына қысқаша тоқталып, тәрбиелік мәнін, оқушыға берер ой-түйінін қызықтыра жеткізді. Солардың ішіде оқушылардың ерекше назарын аудартқан Ник Вуйчичтің «Өмірде шектеу жоқ» аты кітабы болды. Бұл кітапта автордың қол-аяқсыз дүние есігін ашса да, өмірге деген құлшынысын жоғалтпай, қиындықтарды қалай жеңгенін кітаптап оқып біле алатынын Күлмараш апай айта кетті. Бұл кітапта заманауй балалар арасында кездесетін буллинг, депрессия және де үмітсіздікпен қалай күресу жөнінде бағыт бағдардың да жоқ емес екендігін айтып, оқушыларды одан ары қызықтырды. Бұл кітапты оқыған әр оқушы өмірде еш мойымай жетістікке жетуіне бағыт болатынына тоқталды. Жылжымалы көрмеде таныстырылған кітаптарға қызығушылық танытқан оқушылар, алдағы сайыста белсенділік танытады деген сеніммен шарамыз өз мәресіне жетті.
17 сәуір күні «Бір ел – бір кітап» республикалық және «Бір өлке – Бір ...
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Облыстық кітапхана бөлімдерінде ...
18-наурыз күні ақын, ғалым-зерттеуші Қабиболла Сыдиықұлының туған күніне орай ...
ХХ ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің ерен құбылысы, «Бүгінгінің Мұхиты» ...
Биыл ақын, ғалым-зерттеуші Қабиболла Сыдиықұлының туғанына 90 жыл. Қазақ халқы ...
2023 жылдың соңғы күндерінде кітапханамызда қорытынды шара өткізілді. 27 желтоқсан ...
14.12.2023 ж. Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...
16-желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай Маңғыстау облыстық кітапхана ...
14-желтоқсан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруыменен ...
7-желтоқсан күні Қабиболла Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...
























