“Туған өлке қаламгерлері”
Тәуелсіздік мерекесіне орай, Маңғыстау облысының әкімі С. Тұрымов Ә.Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Жазушылар Одағының Маңғыстау облысындағы мүшелерінің қатысуымен “Тәуелсіздік. Әдебиет. Қоғам” атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мереке Құлкенов, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Есенғали Раушанов қатысты. Бұл шараға Қ. Сыдиықов атындағы облыстық кітапхана “Туған өлке қаламгерлері” атты көрме жасақтады. Көрмеге Қазақстан Жазушылар одағына мүше болған өлке қаламгерлерінің 2019-2020 жылдар аралығында жарық көрген әдебиеттері және анықтамалық-библиографиялық көрсеткіштер, кітап туралы нақыл сөздер, газет мақалалары қойылды.
17 сәуір күні «Бір ел – бір кітап» республикалық және «Бір өлке – Бір ...
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Облыстық кітапхана бөлімдерінде ...
18-наурыз күні ақын, ғалым-зерттеуші Қабиболла Сыдиықұлының туған күніне орай ...
ХХ ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің ерен құбылысы, «Бүгінгінің Мұхиты» ...
Биыл ақын, ғалым-зерттеуші Қабиболла Сыдиықұлының туғанына 90 жыл. Қазақ халқы ...
2023 жылдың соңғы күндерінде кітапханамызда қорытынды шара өткізілді. 27 желтоқсан ...
14.12.2023 ж. Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...
16-желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай Маңғыстау облыстық кітапхана ...
14-желтоқсан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруыменен ...
7-желтоқсан күні Қабиболла Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...
























