• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

«KitapTime – 2025»: бәрі де оқырман игілігі үшін

24-қыркүйек күні Маңғыстау облыс кітапханаларында «KitapTime – 2025» республикалық фестивалі аясында түрлі іс-шаралар өтті. Кітапханалық шараларға оқырмандар, қала тұрғындары мен қонақтары, БАҚ өкілдері, мектеп, колледж кітапханашылары қатысты. 

Маңғыстау облыстық кітапханасында Ашық есік күні ұйымдастырылып, оқырмандарға ерекше қоңіл-күй сыйлады. Келушілер кітапханаға жаңа түскен кітаптарымен, өлке акциясымен танысты. Кітапхана оқырмандары викториналық ойындарға қатысып, "Сәттілік дөңгелегін" айналдырып, түрлі сыйлықтар ұтып алды. "Кітап және кино" жобасы аясында Дулат Исабековтің шығармасы негізінде түсірілген  "Гауһар тас" фильмін тамашалап, кітап пен киноның әсерін салыстырып, қызықты пікірталас жүргізді. 

Фестиваль аясында облыстық кітапханасында Қазақ вальсінің королі атанған, ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған "Әнім сен едің" атты сазды кеші өтті.

Техникалық әдебиеттер бөлімінде "Еңбек түбі - береке" атты тақырыптық сағат өткізілді.

Балалар әдебиеттер бөлімінде фестиваль аясында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты, балалар ақыны Көмек Ыбрайұлымен "Балалық деген бір ел бар" атты кездесу кеші ұйымдастырылды.

Облыс кітапханаларында «KitapTime – 2025» республикалық фестивалі  аясында 35-астам іс-шара өтті. Шараларға 1-мыңнан астам адам қатысты.



18 қыркүйек күні Маңғыстау облыстық кітапханасында  Қазақстан Жазушылар ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамыздың оқу залы мен мерзімді басылымдар бөлімі ұйымдастыруымен отбасы ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстау облыстық кітапханасында ана тілінің терең тарихы мен қазіргі дамуын, ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінде  Мұнай ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстау облыстық кітапханасының Балалар әдебиет бөлімінде Отбасы күніне орай ...

Жаңалыққа өту  

25 қыркүйек күні Шет тілдері колледжінде 2-курс студенттерімен тағылымды кездесу ...

Жаңалыққа өту  

«Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы» ММ-де жаңа ...

Жаңалыққа өту  

«Кітап оқитын ұлт» жобасы – Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында тұрақты ...

Жаңалыққа өту  

26 тамыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Қазақстан Республикасы мәдениет ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстау облыстық кітапхана платформасында құрылған «Ұшқан ұя» отбасылық ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу