Абай ақынның өлеңдерін нүктелі-бедерлі қаріптегі өлеңдер жинағы.
Қабиболла Сыдиықов ат-ғы Маңғыстау облыстық кітапханасында оқырмандардың әр түрлі топтары: балалар, жастар, үлкендермен қатар мүгедек оқырмандарға да тең құқылы қызмет көрсетіледі, ел жаңалықтары таныстырылып, әр түрлі шаралар ұйымдастырылып тұрады. Мүгедектермен жұмыс негізінен көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарды магнитофон лентасына жазылған кассеталармен қамтамасыз ету, оқу машинкасын пайдалану арқылы кітап оқыту, баспасөздегі жаңалықтарды дауыстап оқып беру, кітапханаға өздігінен келе алмайтын мүгедектерге үйлеріне кітап апарып беру бағыттарында жүргізіледі. Оқу машинкасы “Книголюб” арқылы кассетаға жазылған көркем әдебиеттер және Брайль жүйесімен жазылған нүктелі-бедерлі кітаптар тұрақты оқырмандарға күн сайын оқытылып отырады. Көздері көрмесе де, көңілдері ояу, жаңалыққа жаны құмар жандар үшін кітапхана қызметкерлері Б.Көшенова мен Д.Қожанова техника көмегімен Абай ақынның өлеңдерін нүктелі-бедерлі кітапша етіп шығарды. Жаздырып оқимын деушілерге кітапхана есігі ашық. Мекен-жайы: 11 шағын аудан, №16 үй, 52-пәтер. Көз мүгедектері кітапханасы.
Н. Еңсегенова
Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінде Мұнай ...
Маңғыстау облыстық кітапханасының Балалар әдебиет бөлімінде Отбасы күніне орай ...
25 қыркүйек күні Шет тілдері колледжінде 2-курс студенттерімен тағылымды кездесу ...
«Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы» ММ-де жаңа ...
«Кітап оқитын ұлт» жобасы – Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында тұрақты ...
26 тамыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Қазақстан Республикасы мәдениет ...
Маңғыстау облыстық кітапхана платформасында құрылған «Ұшқан ұя» отбасылық ...
Спорт күніне орай Маңғыстау облыстық кітапханасының балалар бөлімінде ...
Маңғыстау облыстық кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінде, 18 тамыз – ...
Маңғыстау облысында «Бір өлке – бір тұлға» өлкетану акциясы республикалық «Бір ...










__100baad66199218a64ab0c5beca2a356.png)














