Ерекше форматтағы кездесулер
2025 жылдың қыркүйек айында облыстық кітапханасының Маңғыстау Креатив алаңы әртүрлі бағыттағы мәдени, зияткерлік, тілдік, шығармашылық және рухани шаралардың ошағына айналды. Барлық іс-шаралар Мәдениет басқармасының қолдауымен және орталық қызметкерлерінің тікелей ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Бұл ай – ерекше форматтағы кездесулерге, пайдалы семинарлар мен тренингтерге, кітап талқылаулары мен тілдік клубтарға, жасөспірімдер мен ардагерлерге арналған кештерге толы болды.
Әр шара өз алдына мазмұнды, мағыналы, қатысушылар үшін пайдалы, есте қаларлықтай өтті.
4–5 қыркүйек - Бухгалтерлерге арналған оқыту сабағы
Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен, Ләззат Жұманқұлованың жетекшілігімен сағат 10-18.00. аралығында мемлекеттік заңдар мен талаптарды зерттеу бойынша бухгалтерлерге арналған арнайы сабақ өткізілді. Шара кәсіби мамандардың білімін жетілдіруге бағытталды.
5 қыркүйек - Қытай тілі бойынша Speaking Club
"Шам орталығының" ұйымдастыруымен Камалов Батыржанның жүргізуімен 19:00–20:30 аралығында Қытай тіліндегі ауызекі сөйлеуді дамытуға арналған Speaking Club өтті. Қатысушылар тілдік кедергіні жою, сөздік қорды байыту мақсатында белсенді түрде жұмыс жасады.
6 қыркүйек – мазмұн мен мазмұнды оқиғаларға толы күн:
1. Re.Women – Республика партиясының марапаттау шарасы
Сабина Бейсенбаеваның жетекшілігімен 12:00–14:00 аралығында Республика партиясының Re.Women жобасы аясында марапаттау рәсімі өтті. Шара қатысушылар қоғамдағы белсенді істері үшін марапатқа ие болды.
2. "Графикалық дизайн" мастер-классы
14:00–17:00 аралығында Камалов Батыржанның жетекшілігімен "Графикалық дизайн" бойынша практикалық мастер-класс өткізілді. Бұл шарада қатысушылар Adobe Illustrator, Photoshop бағдарламаларымен жұмыс істеудің негіздерін үйренді.
3. Абай қара сөздері мен мотивациялық кітап талқылауы
Көптілеуова Гүлнардың жетекшілігімен 10:00–13:00 аралығында Абайдың 20–25-қара сөздері талқыланып, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, Д.Кехо және Б.Шефердің мотивациялық кітаптары қазақша талданды.
4. Шам орталығының тілдік клубтары
•13:00–14:30 – Түрік тілінен Speaking Club
•18:00–19:30 – Ағылшын тілінен Speaking Club.
7 қыркүйек - Ағылшын тілінде сөйлеуді дамыту сабағы
Бекенженова Ақбаянның жетекшілігімен 16:00–18:00 аралығында ағылшын тілінде еркін сөйлеуді жетілдіруге арналған практикалық сабақ өтті.
10 қыркүйек - "Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы" облыстық байқауы
15:00–18:00 аралығында өткен бұл байқауға 30-ға жуық қатысушы жиналды. Қатысушылар мемлекеттік тілді дәріптейтін өлең, эссе, сахналық қойылымдар арқылы өз таланттарын көрсетті.
11 қыркүйек - "Отбасы – бақыт мекенім" өнер мен интеллект сайысы
1. Кітапхананың көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана филиалының ұйымдастыруымен бұл сайыста қатысушы отбасылар ән айтып, қолөнер бұйымдарын таныстырып, интеллектуалды сұрақтарға жауап берді. Шара соңында барлық қатысушыларға марапаттар табысталды.
2."Түркі жазба ескерткіштері – өркениет пен мәдениет айнасы" семинар-тренинг
Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 10:00–15:00 аралығында өткен семинарда спикер – Отарова Ақмарал Нұрғожақызы.
12 қыркүйек - "Кино – өзімізді жиі көретін айна" тақырыбындағы кездесу
Кітапхананың өнер бөлімі ұйымдастырған шара 11:00–14:00 аралығында колледж студенттерімен өтті. Шарада кино өнерінің өмірмен байланысы мен өзін-өзі тануға әсері жайлы сұхбаттар жүргізілді.
13 қыркүйек - English Speaking Club (жасөспірімдерге арналған)
Исламов Ерсұлтанның ұйымдастыруымен 11:00–12:30 аралығында ағылшын тіліндегі сөйлеу машығын дамытуға бағытталған кездесу өтті. Шараға жасөспірімдер мен жастар қатысты.
17 қыркүйек - Маркетинг бойынша шағын сабақ
Чокиева Айнұрдың ұйымдастыруымен 15:00–17:00 аралығында өткен сабақ барысында маркетингтің негізгі құралдары мен стратегиялары түсіндірілді.
18 қыркүйек - БҰҰ қолдауымен депутаттарға арналған семинар-тренинг
Ақтау қаласында Маңғыстау облыстық мәслихаты мен БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен ауқымды семинар өтті. Қатысушылар қатарында ҚР ҰЭМ, облыс әкімдігі мен депутаттар болды.
20 қыркүйек -"The bridge that changed my life" атты ағылшын тілі сабағы
Исламов Ерсұлтанның 11:00–13:00 аралығында өткізген сабағында қатысушылар өмірдегі өзгерістерге әсер еткен сәттері туралы ағылшын тілінде баяндап, пікір алмасты.
27 қыркүйек:
1. Мотивациялық тренинг: Аралбаев Қанаттың ұйымдастыруымен, спикер – психолог, профессор Алмагүл Оразымбетова 11:00–15:00 аралығында мотивациялық кездесу өткізді. Шара өте әсерлі, мазмұнды өтті.
2."Эмоционалдық интеллект" тренингі: Отбасылық психолог Айсұлу Оразбайқызы ерекше балалар мен олардың ата-аналарына арналған арт-терапия, музыка және ертегі арқылы жүргізілетін жаттығулар өткізді.
28 қыркүйек - Кітап талқылау және Quiz ойыны
Журналист Алтынгүл Меңдіханның ұйымдастыруымен өткен шарада Төлен Әбдіктің « «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» шығармалары талқыланып, қызықты Quiz ойыны ұйымдастырылды.
30 қыркүйек:
1.Маркетинг және бизнес кездесу: «Маркетинг және бизнес» тақырыбы бойынша өтті.
2. "Жасанды интеллект жасқа қарамайды" атты кездесу: "Ауыл" партиясының ұйымдастыруымен өткен бұл ерекше форматтағы кеш ардагерлерге арналды. Кездесу барысында цифрлық сауаттылық, жасанды интеллект мүмкіндіктері таныстырылып, партияның 25 жылдығына орай ардагерлерге марапаттар табысталды.
Қорытынды:
Қыркүйек айы Креатив алаңы үшін мазмұнға бай, түрлі бағыттағы шараларға толы кезең болды. Әрбір іс-шара – орталық командасының тыңғылықты дайындықпен, креативті оймен, жанашырлықпен ұйымдастырған жұмысының нәтижесі. Қатысушылар тарапынан оң пікірлер айтылып, алдағы шараларға да қызығушылық жоғары екенін көрсетті.
11 қыркүйек - Отбасы күні аясында «Бақыт кілті – отбасында» атты сайыс ...
2025 жылдың қыркүйек айында облыстық кітапханасының Маңғыстау Креатив алаңы ...
Облыстық кітапханасының Шетел әдебиеттері залында шілде, тамыз және ...
2025 жылдың тамыз айы Маңғыстау креатив алаңы үшін ерекше белсенділікпен өтті. ...
2025 жылдың шілде айында Маңғыстау креатив алаңы қоғамдық белсенділер мен ...
24-қыркүйек күні Маңғыстау облыс кітапханаларында «KitapTime – 2025» республикалық ...
16-қыркүйек күні облыстық кітапханасының арнаулы кітапхана филиалының кітап ...
14,19,21 тамыз күндері облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлімінде «Кітап ...
Кітапханамыздың басшысы Айтуарова Зауре Жаншақызы Шымкент қаласында ...
"Library GO!" жобасы бастау алды! "Library GO!" жобасының мақсаты 1-курс студенттерін ...