• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Маңызды диалог және даму алаңы

2025 жылдың шілде айында Маңғыстау креатив алаңы қоғамдық белсенділер мен шығармашылық бастамашылардың басын қосқан маңызды диалог және даму алаңына айналды. Ай бойы алаңда түрлі әлеуметтік, мәдени, ағартушылық бағыттағы кездесулер мен шаралар ұйымдастырылып, қоғамның әр саласынан жиналған азаматтарға ашық пікір алмасуға, жаңа білім мен тәжірибе алуға мүмкіндік берілді. 

3-4 шілде күндері облыс мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелеріне арналған екі күндік оқыту тренингі өтті. Тренинг барысында қатысушылар кәсіби тәжірибе алмасып, тиімді коммуникация мен басқару әдістерін меңгерді. 

https://www.instagram.com/share/BAKaTaXzDG

https://www.instagram.com/share/_haGb8wfL 

5 шілде күні "Сүмбіле" аналар клубының бастамасымен мәдени және тәрбиелік бағыттағы екі бірдей шара өтті. Сағат 13:00-де  «Қыз Жібек» фильмін талқылау ұйымдастырылса, одан кейін клуб мүшелері «Күретамыр» кітабы төңірегінде ашық пікірталас өткізді. Бұл кездесулер отбасылық құндылықтар мен ұлттық тәрбиенің өзекті мәселелерін талқылауға арналды.

https://www.instagram.com/share/BBQr-zKG23

https://www.instagram.com/share/BALuxMzeUf 

9 шілде күні креатив алаңында бір күнде екі маңызды шара өтті: ұлы Абай мұрасын жастар санасына сіңіруге бағытталған «Абай әлеміне шолу» атты тәрбиелік іс-шара мен  Абайдың қара сөздеріне терең әдеби талдау жүргізілді. 

19-20 шілде күндері  «Арманшыл жандар клубының» жетекшісі Базарбаева Салтанаттың бастамасымен «Инстаграмнан табыс табу жолдары» атты практикалық семинар өткізілді. Тыңдаушыларға әлеуметтік желі арқылы жеке бренд қалыптастыру мен онлайн табыс табу жолдары үйретілді.

20 шілде күні жазушы Дулат Исабековтің «Сүйекші» шығармасы негізінде «Kitap Time» кітап талқылау алаңы өтті. 

27 шілде күні Гүлнар Көптілеуованың бастамасымен маркетингке арналған кітап талқылау сабағы өтті. Бұл кездесу қатысушыларға нарықтық ойлау стратегияларын тереңірек меңгеруге жол ашты. 

Сонымен бірге МАҢҒЫСТАУ КРЕАТИВ АЛАҢЫнда басқа да керемет іс-шаралар мен кездесулер ұйымдастырылып өтті.



Елімізде шілденің алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті Маңғыстау облыстық кітапханасының оқырмандары! Сіздер үшін керемет ...

Жаңалыққа өту  

9-маусым күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...

Жаңалыққа өту  

20-маусым күні кітапханамызда ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты, ...

Жаңалыққа өту  

"Кітапхана болашағы: цифрлық трансформация және жаңа технологиялар" облыстық ...

Жаңалыққа өту  

4-наурыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Түркі ғылыми мифологиясының ...

Жаңалыққа өту  

21 мамыр күні Маңғыстау облыстық кітапханасының Өлкетану бөлімінде журналист, ...

Жаңалыққа өту  

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Маңғыстау облыстық Қазақ Зағиптар ...

Жаңалыққа өту  

XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін қызмет көрсету ...

Жаңалыққа өту  

Биылғы жылы Маңғыстау облыстық кітапханасында  «10 жаңа еңбек – 10 жаңа рухани ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу