Республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында
Облыстық кітапханасының фойесінде жыл басынан бастап республикалық акциясына орай Жылдық кітап көрмесі жасақталды, сонымен бірге әр бөлімінде кітап көрмелері ұйымдастырылды.
27.02.2025 ж. республикалық «Бір ел–бір кітап» акциясы аясында Тәкен Әлімқұловтың «Телқоңыр» әңгімесіне талдау жасалды. «Бір ел – бір кітап» акциясының мақсаты туралы айтылды. Көрнекті жазушы Т.Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берілді. Әлімқұловтың шығармалары ел психологиясының тереңдігін, дәстүрлі мәдениеттің эпикалық кеңдігін, қоғамның дамуы үшін маңызды тарихи оқиғаларды бейнелейді. Т. Әлімқұлов нағыз ұлы шығармаларды жасаған эпикалық прозаның шебері болған.
Шараға «Жас қанат» мектебінің 7 сынып оқушылары, «Тұлға боламын» жобасының жетекшісі Сұлтан Тайғарин қатысып оқушыларға шығарма желісін әңгімелеп берді. Балалар өз оқығандарын ортаға салып талқылады, сұрақтарға жауап берді.
06.03.2025 ж. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Тәкен Әлімқұловтың «Құлқын» әңгімесін талдау өтті. Мақсаты: қазақ әдебиетін насихаттау, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру. Т.Әлімқұловтыңеңбек жолымен,шығармаларымен таныстыру, кеңінен насихаттау.
Шараға қаламыздағы IT мектеп-лицейдің 8 сынып оқушылары белсене қатысты.
19 наурыз күні ОҚКБ-де «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ақын, жазушы, әдебиет сыншысы Т.Әлімқұловтың шығармашылығымен таныстыру мақсатында «Тәкен мұрасы – мәңгілік қазына» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Поэзиядан прозаға көшу жолын үзеңгілес жазушылар баяндаған видео арқылы жеткізілді. Іс – шара барысында қатысушылар жазушының мұрасын жаңа қырынан танып, оның шығармаларына деген қызығушылықтарын білдірді. Шараға Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары гуманитарлық колледжі, Асмет Ұлас колледжі және Медициналық колледж студенттері қатысты.
10.04.2025 ж. «Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына орай «Жұмекен мұрасы – ұлттың ұлы қазынасы» атты әдеби-танымдық кеш өткізілді.
Мақсаты: қазақ поэзиясының кемеңгер тұлғасының терең шығармалары арқылы жастардың ұлтжандылық сезімін ояту, елін, жерін, туған тілін сүю – Отан алдындағы қасиетті борыштары екендігін ұғындыру. Шара қатысушыларына ақынның өмір жолы, шығармашылығы туралы мәлімет берілді, өлеңдерін балалар оқыды, талдады, әнұранды орындады. Белсене қатысқан оқушылар алғыс хатпен марапатталды.
17 сәуір күні «Бір ел – бір кітап» республикалық және «Бір өлке – Бір тұлға» өлке акциясы аясында шара өткізілді.
Мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру.
Республикалық акциясы аясында облыстық кітапханасында І жарты жылдығында 5 іс-шара ұйымдастырылып өткізілді және кітап көрмелеріне таныстырылымы жасақталды.
20 қараша күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау обылыстық әмбебап ...
13 қараша Халықаралық зағиптар күніне орай Қазақ Зағиптар қоғамының дәстүрлі ...
27 қараша күні облыстық кітапханасының жасөспірімдер бөлімінде «Бір ел – бір ...
Маңғыстау облыстық кітапханасында 15 қараша –Ұлттық валюта күніне орай «Ұлттық ...
18-қараша күні жас ақын Гүлфарида Ермекованың жүрек тебіренткен "Сезім көктем ...
«100 кітап» жобасы аясында оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын ...
Төл әдебиетіміздегі 100 танымал кітапты іріктеп алуға арналған жалпыұлттық ...
"100 кітап" жобасы аясында Бейнеу аудандық кітапханасының Ақжігіт ауылдық ...
"100 кітап" жобасы аясында Мұнайлы ауданның кітапханаларында түрлі форматта ...
“Kitaptime-2025” Республикалық кітап фестивалі аясында кітап оқуды насихаттау ...







__932857c2165f5c56627948e4258f89c3.png)
















