Рухани, танымдық және практикалық тұрғыда мол мүмкіндік
2025 жылдың тамыз айы Маңғыстау креатив алаңы үшін ерекше белсенділікпен өтті. Аталған кезеңде әртүрлі жас топтарына арналған оқыту, дамыту және мәдени-ағартушылық бағыттағы көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Әр шара жеке бағытта өткізіліп, жастар мен қауымдастық мүшелеріне рухани, танымдық және практикалық тұрғыда мол мүмкіндік сыйлады.
3 тамыз - Маңғыстау өңірінің жас жайдарманшыларына арналған арнайы сабақ ұйымдастырылды. Маркетолог Бектұрған Мәтжан жүргізген бұл оқыту шарасы медиа саласына қызығушылығы бар жастарға арналған практикалық бағыттағы сабақ болды. Сабақ барысында қатысушылар контент құру, аудиторияны зерттеу, маркетингтік стратегия жасау секілді маңызды тақырыптар бойынша теориялық және практикалық білім алды.
3 тамыз - ақын, аудармашы Абай Құнанбайұлының "Қара сөздері" бойынша әдеби-танымдық кездесу ұйымдастырылды. Қатысушылар Абайдың философиялық ойларын талдап, өмірлік мән-мағына іздеген маңызды пікірталас өрбітті.
5 тамыз - Демежан Әділет Амангельдыұлының бастамасымен Қазақстан Республикасының чемпионатына төрешілік етуге дайындық семинары өтті. Семинарда спорттық жарыстарда төрешілік жасау ережелері, этикалық кодекс пен шешім қабылдау процестері талқыланды. Семинар жастардың спорттық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.
8 тамыз - Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған «Бес дұшпанды білсеңіз» атты жазба ақындар мүшәйрасының қорытындысы мен марапаттау рәсімі өтті.
Қазылар алқасы құрамында:
•Сұлтанбек Құдайбергенов – ақын, журналист,
•Ерекен Қорабаев – балалар жазушысы, сазгер,
•Әнуарбек Бимағамбет – ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі.
Мүшәйраның басты мақсаты – Абай мұрасын дәріптеу және жас ақындардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру. Бұл – жастардың рухани әлеуетін оятқан маңызы зор кеш болды.
11–13 тамыз - «Жастар EQ 2.0» жобасы аясында үш күндік оқыту тренингтері өткізілді.
*11–12 тамыз күндері – Психоанализ тақырыбында сабақтар өтті.
*13 тамыз күні – Бибігүл Шайхиева жүргізген «Жеке бренд қалыптастыру және жасанды интеллект арқылы қызметіңді сату» атты бизнес-тренинг өтті. Жеке даму, онлайн қызмет сату, цифрлық маркетинг бағыттары бойынша тәжірибелік ақпараттар ұсынылды.
15 тамыз - Халықаралық жастар күніне орай, Сәбит Қаржаубайұлының ұйымдастыруымен "Самұрық-Қазына" қоры жанындағы жас мамандармен мотивациялық кездесу өтті. Кездесу барысында жастар мансап, табыс және көшбасшылық туралы тәжірибемен бөлісті.
17 тамыз - "ШАМ" дамыту орталығының жетекшісі Камалов Батыржанның бастамасымен «Сөз сенде» жобасы өтті. Жоба жастардың өзін-өзі танытуына, ойын ашық жеткізуіне мүмкіндік берді.
20 тамыз - Аманай Асанова ұйымдастырған «Қолөнер» оқу орталығының шеберлік сабағы. Сабақ тақырыбы – «Әдемілік – Ерекшелік – Тұлғалық бейне!».
23 тамыз - Камалов Батыржанның ұйымдастыруымен «Шам» орталығы аясында интеллектуалдық QUIZ ойыны өткізілді. Қатысушылар ойын барысында командалық жұмыс пен логикалық ойлауды шыңдады, түрлі сала бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Бұл шара жастардың бос уақытын тиімді өткізуге және зияткерлік деңгейін арттыруға бағытталды.
26 тамыз - Камалов Батыржанның ұйымдастыруымен Sham Speaking Club атты ағылшын тілді сөйлеу клубы өтті. Қатысушылар еркін форматта пікір алмасып, сөйлеу машықтарын дамытты.
26–27 тамыз - Милана Елеусинованың бастамасымен «Жастар EQ 2.0» жобасы аясындағы 4 компонентті оқыту бағдарламасының соңғы модулі өткізілді. Тренинг тақырыбы – «Нейропсихология». Спикер – Айнұр Алдашева, ҚР балалар психологтары мен нейропсихологтар қауымдастығының президенті. Қатысушылар адам миының танымдық қабілеттері, эмоция мен мінез-құлық байланысы жайлы тың білім алды.
28 тамыз - Камалов Батыржанның бастамасымен «Шам» орталығы тарапынан мемлекеттік грант аясында өткізілген мастер-класс ұйымдастырылды. Мастер-класста қатысушылар гранттық бағдарламаларға қатысу жолдары, жобалау құжаттары және стартап бастауға қажетті ақпаратпен танысты.
31 тамыз - Кенжеева Гүлмираның жетекшілігімен «Әйелдің басты қорқынышы не?» тақырыбында психологиялық талдау сабағы өтті. Сабақ барысында әйелдердің ішкі қорқыныштары, жеке тұлғалық дамуындағы кедергілер мен оларды жеңу жолдары қарастырылды.
31 тамыз - Көптілеуова Гүлнар ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 18-ші "Қара сөзін" талқылауға арналған әдеби кездесу өткізді. Кездесуде Абайдың «адам болам десеңіз» қағидасы аясында еркін пікір алмасу орын алды.
2025 жылдың тамыз айы ішінде Маңғыстау креатив алаңында 30-ға жуық әртүрлі форматтағы шаралар өткізілді. Олардың ішінде:
•Жастарға арналған бизнес, медиа, психология бағытындағы тренингтер;
•Абай мұрасын арқау еткен әдеби-семинарлар;
•Шеберлік сабақтары мен мотивациялық кездесулер;
•QUIZ ойындары мен сөйлеу клубтары сияқты зияткерлік және тіл дамыту бағыттары қамтылды.
20 қараша күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау обылыстық әмбебап ...
13 қараша Халықаралық зағиптар күніне орай Қазақ Зағиптар қоғамының дәстүрлі ...
27 қараша күні облыстық кітапханасының жасөспірімдер бөлімінде «Бір ел – бір ...
Маңғыстау облыстық кітапханасында 15 қараша –Ұлттық валюта күніне орай «Ұлттық ...
18-қараша күні жас ақын Гүлфарида Ермекованың жүрек тебіренткен "Сезім көктем ...
«100 кітап» жобасы аясында оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын ...
Төл әдебиетіміздегі 100 танымал кітапты іріктеп алуға арналған жалпыұлттық ...
"100 кітап" жобасы аясында Бейнеу аудандық кітапханасының Ақжігіт ауылдық ...
"100 кітап" жобасы аясында Мұнайлы ауданның кітапханаларында түрлі форматта ...
“Kitaptime-2025” Республикалық кітап фестивалі аясында кітап оқуды насихаттау ...







__932857c2165f5c56627948e4258f89c3.png)
















