«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында биыл оқуға ұсынылған Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы облыстық кітапханада кеңінен насихатталды. Шығарманы таныстыру мақсатында әскери бөлімдер мен мемлекеттік қызметкерлер, оқушылар мен студенттер арасында әдеби кездесулер, таныстырылымдар және пікір алмасулар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында романның тарихи-танымдық, тәрбиелік маңызы айқындалып, елдік пен отансүйгіштік рухты қалыптастырудағы рөлі атап өтілді. Қатысушылар шығармада көтерілген ұлттық құндылықтар мен тағдырлы кезеңдердің бүгінгі қоғам үшін өзектілігін жоғары бағалады.
4 наурыз күні «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақтың көрнекті жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің "Тағдыр" романы таңдалып алынуына орай, жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Қабдеш Жұмаділов – ұлт жазушысы» атты танымдық сағат өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге жазушының әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, тарихи шығармалары арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Танымдық сағат барысында Қабдеш Жұмаділовтің өмір жолы, шығармашылық қызметі және қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі туралы жан-жақты мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар жазушының Дарабоз, Соңғы көш және «Тағдыр» романдары кеңінен таныстырылып, олардың тарихи, тәрбиелік мәні талқыланды.
Іс-шара барысында студенттер жазушы шығармаларындағы ел тағдыры, ұлт бірлігі мен тәуелсіздік идеялары төңірегінде өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Қатысушыларға бейнематериалдар көрсетіліп, тақырып мазмұны тереңірек ашылды.
Жыл кітабы – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары Абайдан кейінгі қазақтың ...
2016 жылы «Бір ел - бір кітап» акция бойынша таңдалған жазушы Дулат Бабатайұлы ...
2015 жылы «Бір ел - бір кітап» акция бойынша таңдалған жазушы Ілияс ...
саый2014 жылы ел болып оқу үшін Сайын Мұратбековтың «Жусан исі» және «Басында ...
2013 жылы халық жаппай оқитын кітап ретінде Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты ...
орал2012 жылы «Бір ел – бір кітап» акция кітабы болып Оралхан Бокеевтің «Қайдасың, ...
2010 жылы «Бір ел – бір кітап» акция аясында Жұбан Молдағалиевтің «Мен Қазақпын» ...
2011 ж. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Жүсіпбек ...
2009 жыл «Бір ел – бір кітап» акциясы Мағжан Жұмабаевтың махаббат жырларына ...
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері биылғы жалпыұлттық оқуға жалпыадамзаттық және ...





__95c7eb770bd421a74a5a6cc3dde28735.jpg)



















