«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында биыл оқуға ұсынылған Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы облыстық кітапханада кеңінен насихатталды. Шығарманы таныстыру мақсатында әскери бөлімдер мен мемлекеттік қызметкерлер, оқушылар мен студенттер арасында әдеби кездесулер, таныстырылымдар және пікір алмасулар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында романның тарихи-танымдық, тәрбиелік маңызы айқындалып, елдік пен отансүйгіштік рухты қалыптастырудағы рөлі атап өтілді. Қатысушылар шығармада көтерілген ұлттық құндылықтар мен тағдырлы кезеңдердің бүгінгі қоғам үшін өзектілігін жоғары бағалады.
4 наурыз күні «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақтың көрнекті жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің "Тағдыр" романы таңдалып алынуына орай, жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Қабдеш Жұмаділов – ұлт жазушысы» атты танымдық сағат өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге жазушының әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, тарихи шығармалары арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Танымдық сағат барысында Қабдеш Жұмаділовтің өмір жолы, шығармашылық қызметі және қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі туралы жан-жақты мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар жазушының Дарабоз, Соңғы көш және «Тағдыр» романдары кеңінен таныстырылып, олардың тарихи, тәрбиелік мәні талқыланды.
Іс-шара барысында студенттер жазушы шығармаларындағы ел тағдыры, ұлт бірлігі мен тәуелсіздік идеялары төңірегінде өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Қатысушыларға бейнематериалдар көрсетіліп, тақырып мазмұны тереңірек ашылды.
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында биыл оқуға ұсынылған Қабдеш ...
2025 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында әдебиетімізде ...
Биылғы жылы "Бір ел -бір кітап" акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ...
2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, ...
2022 жылы ұлтымыздың ұлы ұстазы, қазақ ағартушысы, мемлекет қайраткері, лингвист ...
«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ...
Жақында 2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы ...
Құрметті оқырмандар! «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша 2020 жылы ...
Биылғы жылы "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы Қазақстанның екі көрнекті ...
Құрметті оқырман! «Бір ел – бір кітап – 2018» Республикалық акциясы бойынша биыл ...

























