"Бір өлке-бір тұлға" акциясы аясында
Құрметті оқырмандар! Апталық көрме өз жұмысын бастады!
30.03.23ж. Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында “Бір өлке, бір тұлға” акциясы аясында, Қазақтан шыққан тұңғыш мифолог, ғалым, географ, этнограф, тарихшы, өлкетанушы - Серікбол Қондыбайдың туғанына 55 жыл толуына орай “Серікбол Қондыбайдың ғылымдағы қисындары мен қағидалары” атты оқырмандар конференциясы өтті.
Конференцияға зиялы қауым өкілдері, ғалым, өлкетанушы - Мұрат Ақмырзаев,
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент - Эльвира Абланова,
Шетпедегі Серікбол Қондыбай атындағы мемориалдық музейдің директоры - Рима Бердиева және Ақтау қаласындағы Серікбол Қондыбай атындағы 22мектеп пен Мұнайлы ауданындағы мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты.
Шараға қатысушылар Серікбол Қондыбайдың шығармашылығынан сыр шертетін бейнероликті тамашалап, ғалымның еңбектерінен, шығармашылығынан зерттеу жұмыстарын көрсетіп, баяндамаларын таныстырды.
Шетпелік Өнер колледжінің студенті Сыдықова Ақбота “Көлқайнар”, “Шалқымалы” әндерін домбырамен орындап, өнерін ортаға паш етті.
Шара соңында конференцияға қатысушыларға облыстық кітапхана атынан кітаптар мен алғыс хаттар табысталды.
Сонымен бірге Шетпедегі Серікбол Қондыбай Музейі Серікбол Қондыбай атындағы мемориалдық музейінің көрмесі көпшілікке таныстырылды. Көрме кітапхана фойесінде бір апта бойы жұмыс жасайды. Келіңіздер! Көрмемен танысуға шақырамыз!
362 әулиелі қасиетті Маңғыстау топырағында туып өсіп, түркі мифологиясын, жауынгерлік рух пен дәстүр-салтын зерттеген ғалым, ерекше дарын иесі -Серікбол Қондыбайдың мұрасы конференция қатысушылары мен өскелең ұрпаққа берер тағылымы орасан зор.
: 15:5911 желтоқсан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында "Тәуелсіздік ...
Кітапханамыздың өнер бөлімінде қазақ театры мен киноның тұңғыш суретшісі ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің абонемент бөлімінде қазақтың көрнекті ...
21 қараша күні кітапханамыздың балалар бөлімінде балалар ақыны М. ...
"Бір ел-бір кітап" - 2019 республикалық акциясы аясында Әбділда Тәжібаевтың ...
Кітапханамыздың жасөспірім бөлімінде "Жастықтың аты арындап, Тас қияға ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің абонемент бөлімінде халық жазушысы ...
2019 жылдың қазан, қараша айларында кітапханамыздың абонемент бөліміне келген ...
Кітапханамыздың өнер бөлімінде "Оқуға ұсынамыз" және Қазақстан Композиторлар ...
2020 жылы ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін ...