Жыл сайын 2 сәуір күні бүкіл әлемде Халықаралық балалар кітабы күні аталып өтіледі. Бұл күн балалар әдебиетінің маңызын арттыру, жас ұрпақты кітап оқуға баулу және жазушылардың еңбегін насихаттау мақсатында белгіленген. Аталған мереке датасының таңдалуы да кездейсоқ емес. 2 сәуір – әлемге әйгілі ертегі жазушысы Ханс Кристиан Андерсеннің туған күні. Оның шығармалары балалар әдебиетінің алтын қорына енген және бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жо
























