«Little Free Library»
Буккроссинг – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі.
«Әлемді үлкен кітапханаға айналдыру!» ұранымен Буккроссинг акциясы кітапханамызда 2012 жылы басталды. Кітапханада ұйымдастырған BOOKCROSSING сөрелері қаладағы Шаңырақ, Traveler's Coffee, Глобал кофе кафелерінде және бистро Fusion орналастырдық. Біздің көмегімен Шахмардан Есенов атындағы университетінде де Буккроссинг көрмесі 2016 жылы ашылды, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментінде 2019 жылы, Балалар ауруханасында 2020 жылы екі сөре ашылып, әрі қарай жұмысын жалғастырды. Кітаптардын өзін орналастыруымен бірге Жарнама ретінде кітапханалық бетбелгілерді (книжная закладка) шығарылды.
Кітапханамыздың тұрақты оқырмандары және кітапхана шараларына белсене қатысушылар, «Шам дамушы орта» атты оқырмандар клубының мүшелері де буккроссинг шараларды қызықты форматта жиі ұйымдастырып тұрады.
2025 жылдың қаңтар-шілде айларында Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында орналасқан Буккроссинг сөрелері қала тұрғындарының кітапханаға сыйға тапсырған кітаптарынан 5 рет толықтырылды.
Буккроссинг қозғалысына белсене қатысуға шақырамыз!
Кітаппен - жарқын болашаққа!
Маусым айында кітапханамыздың техникалық әдебиет бөліміне "Өрлеу" БАҰО" АҚ ...
Ұлт ұстазына арналған сайыс мәресіне жетті! ҚР Мәдениет министрлігінің ...
8 маусым күні облыстық кітапханасына мектеп мұғалімдері мен кітапханашылары ...
7 маусым күні кітапханамызда "Облыстық және білім беру ұйымдарының кітапхана ...
Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты 5 маусым күні ...
Кітапханамызда “Сыр” оқырмандар клубының кезекті отырысы өткізілді. Ортада ...
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының ...
25-наурыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында "2022 жыл - Балалар жылы" аясында ...
11-наурыз күні Ш. Есенов атындағы Университетінде "ЖАЛАУ МЫҢБАЕВ - МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ...