”БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ АТА-АНА"
14 қыркүйекте "Мейірбике" жоғары медициналық колледжінің мәжіліс залында "Маңғыстау Руханият" қоғамдық қорының мұрындық болуымен колледж əкімшілігінің қолдауымен Отбасы күніне орай "Баланың бас ұстазы - ата ана" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш шараға Ақтау қаласы əкімдігінің аналар кеңесінің мүшесі, қоғам белсендісі Райса Маденова, Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау әмбебап кітапханасының бөлім басшысы Гүлшат Сәрсенбаева, Германиядағы Кеңес əскерінің тобы жəне Варшава келісім шарты əскерлерінің тобы республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының мүшелері Жүсіп Мырзағали мен Узақ Дүсенбай жəне колледж студенттері мен ұстаздары қатысты. Жиында ұлағатты рухани бағыттағы əңгімелер айтылды. Ұстаз Райса Иванқызы өзінің өнегелі өмір жолын жастарға жан жақты таныстырды. Гүлшат Сәрсенбаева да атақты жазушы Зейнеп Ахметованың кітаптарындағы ұлағатты тұстарын ортаға салды. Ардагер ағалар да өздерінің тағдыр жолын айтып өтті. Жиын барысында жастар өздерінің сауалдарын қойып тұщымды жауаптарын алды. Жиынды ұйым төрағасы Аллаберген Қонарбаев жүргізіп отырды. Шара аясында отбасыға қатысты белгілі жазушылардың шығармалары қойылған кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Шара жоғары дәрежеде өтті. #отбасымбайлығым #отбасықұндылықтары #кітапоқудыңпайдасы #отбасыжәнекітапхана
Елім менен жеріме, Ырысын шашқан Наурыз. Күлімдеген көктемге, Шуағын шашқан ...
· 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсанында кітапханада «Ана деп көркем ...
Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының техникалық әдебиет ...
25 желтоқсан күні облыстық кітапханада психолог Жанна Нұрбаеваның ,,Дневник ...
Тағы бір жаңа кітаптың тұсаукесері өтті! Бүгін облыстық кітапханада ҚР ...
13 желтоқсан күні кемеңгер жазушы Әбіш Кекілбайұлы атындағы конференц залында ...
10 желтоқсан күні кітапханамызда Өнер бөлімі тарапынан ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл ...
6 желтоқсан күні кітапханамызда "Ашық кітапхана" атты облыстық жас маман ...
6 желтоқсан – Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш ...