Бір жыл ішінде...
Оқырмандардың ақпаратқа қолжетімділігі мен қажеттіліктерін орындауда, тұрғындардың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін шыңдауда 2025 жылы Маңғыстау облыстық кітапханасында көптеген түрлі бағытта креативті шаралар, акциялар, жобалар т.б. жұмыстар жүргізілді.
2025 жыл ішінде кітапханада жүргізілген «Бір өлке – бір Тұлға» өлкелік акциясы, «Ұлт мақтаныштары» атты кітап көрмелер циклы, «Бір кітап» Маңғыстау телеарнасымен бірлескен бағдарламасы, "Кітап және кино" жобасы ұйымдастырылды.
«Бір өлке – бір Тұлға» өлкелік акциясына биыл ақын Сабыр Адай шығармалары таңдалып, жыл бойы «Әр қазақ - менің жалғызым» атты кітап көрмесі, әлеуметтік желіде ақын өлеңдерін оқу марафоны, автордың өзімен кездесу кеші ұйымдастырылды.
Жыл бойы ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеу, өлкетану бағытында жерлес дара тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттерді насихаттауға арналған 250-ден астам ірі кітапханалық іс-шаралар өтті. Авторлармен кездесулер ұйымдастырылып, кітапханаға 100-ден аса сый кітап келіп түсті.
2025 жылы Облыстық кітапханасында жазушы, өлкетанушы Отыншы Көшбайұлының «Ұстаз ұлағаты» кітабының, “Қазақстанның Құрметті журналисі” еңбек ардагері Айтбай Аймағамбеттің “Өтпелі өткел”, “Ұлан ғасыр ғұмыр” қос кітабының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Үздік өлкетанушы» төсбелгісінің иегері, ақын Сұлтанбек Құдайбергеннің «Жан шырағы» атты жаңа кітабының, жазушы Әзірбай Ораздың "Ақбөбек-Қайып заманына саяхат" кітабының, парсы тілдерінің маманы Нияз Тобыш аударған «Ғибадат исламия» (Ислам құлшылықтары) кітабының, жазушы Ислам Қосжанның "Жанымның жарығы", "Жыл он екі ай" атты кітаптарының тұсаукесерлері өтті.
«Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында облыстық кітапханасының фойесінде жылдық кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырман арасында қызығушылық тудырды. Кітапханамызда «Қазақстан – Әзірбайжан ынтымақтастығы» тақырыбында, «Бір тамырдан тараған – бауырлас елдер» қырғыз, әзірбайжан этно-мәдени бірлестіктерімен кездесулер өткізілді. Сонымен бірге кітапханада Ақтау қаласындағы Түркияның бас консулдың қатысуымен Түркия әдебиетінің кітап бұрышы ашылды. Жыл ішінде Әзірбайджан, Өзбекстан елдерінің авторларының көрнекті еңбектерінен кітап бұрыштары ашылды. Бұл игі бастама бауырлас елдерінің арасындағы мәдени және ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, ортақ құндылықтар мен әдебиетті насихаттауға бағытталған.
Бір жылда кітапхана қызметін насихаттайтын республикалық және облыстық газеттеріне 15-тен астам мақала жарық көріп, ақпараттық кеңістікте кітапхананың беделін арттырды.
ХХ ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің ерен құбылысы, «Бүгінгінің Мұхиты» ...
Биыл ақын, ғалым-зерттеуші Қабиболла Сыдиықұлының туғанына 90 жыл. Қазақ халқы ...
2023 жылдың соңғы күндерінде кітапханамызда қорытынды шара өткізілді. 27 желтоқсан ...
14.12.2023 ж. Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...
16-желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай Маңғыстау облыстық кітапхана ...
14-желтоқсан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруыменен ...
7-желтоқсан күні Қабиболла Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...
7 желтоқсан күні “Достық“ үйінде «Мұнаралы, жыр аралы - Маңғыстау» тақырыбында ...
Ағымдағы жылдың 29 қарашасында қоғамда діни радикализмге қарсы иммунитетті ...
28-қараша күні "Достық" үйінде қазақ халқының, қазақ әдебиетінің маңдайына ...

























