Маңғыстау күйлерін насихаттаушы А. Жаңбыршымен кездесу кеші
28 ақпан күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында "Домбыраның қоңыр үні" атты өлке домбырашыларымен кездесу кеші өтті. Кештін құрметті қонағы: күйші-сазгер, педагог, орындаушы, өнер зерттеушісі, Маңғыстау күйлерін насихаттаушы Айтберген Жаңбыршы Әбілұлымен бірге Маңғыстау өнер колледжінің "Халық аспаптар" бөлімінің 1,3,4 курс студенттері келіп, күйші-композитор, домбырашы, сазгер, ақын Мұрат Өскенбайұлының "Жеңіс", "Маңғыстау", "Өрлеу", "Құдаша", "Аттаныс" т.б күйлерін орындап, күйшінің өмір жолынан, күйлерінің шығу тарихынан деректер айтып кетті. Өнер бөлімінің қызметкері Г.Егінбергенова қатысушыларға, №9 орта мектеп оқушылары мен, кітапхана қызметкерлеріне, А.Жаңбыршының құрастыруымен жарық көрген "Нарату", "Адайдың ырғамасы", "Мен қашанғы жүйрігің", "Қарасай, Қази" атты кітаптарын таныстырды.
Елім менен жеріме, Ырысын шашқан Наурыз. Күлімдеген көктемге, Шуағын шашқан ...
· 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсанында кітапханада «Ана деп көркем ...
Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының техникалық әдебиет ...
25 желтоқсан күні облыстық кітапханада психолог Жанна Нұрбаеваның ,,Дневник ...
Тағы бір жаңа кітаптың тұсаукесері өтті! Бүгін облыстық кітапханада ҚР ...
13 желтоқсан күні кемеңгер жазушы Әбіш Кекілбайұлы атындағы конференц залында ...
10 желтоқсан күні кітапханамызда Өнер бөлімі тарапынан ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл ...
6 желтоқсан күні кітапханамызда "Ашық кітапхана" атты облыстық жас маман ...
6 желтоқсан – Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш ...