Жас кітапханашыларға арналған алғашқы республикалық хакатон
Алматыда Ұлттық кітап күніне орай алғашқы республикалық кітапханалық хакатон ұйымдастырылды. Бұл іс-шара Alatau Creative Hub орталығында өтіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас кітапханашыларды біріктірді.
Маңғыстау облыс кітапханаларының кітапханашылары да бұл шараға белсене қатысты.
Хакатон қатысушылары кітапхана саласын дамытуға бағытталған жобалар мен идеясын таныстырды. Алматылық жас мамандар қала әкімдігінің қолдауымен Оңтүстік Корея, Швейцария, Германия, Финляндия, Эстония және Швеция елдерінде халықаралық тағылымдамадан өтіп, шетелдік үздік тәжірибе мен оларды жергілікті жағдайға бейімдеу тәсілін айтты.
Алғашқы хакатон жас кітапханашылардың кәсіби дамуы жолындағы маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан кітапханаларының жаңғыруға, инновация енгізуге және елдің мәдени-оқу өміріндегі орнын нығайтуға деген ұмтылысының жарқын дәлелі болды.
Биыл Есік қорғанынан табылған Алтын адам жазуларын 30 жыл зерттеп, құпиясын ...
13 ақпан күні Облыстық кітапханасында өзінің саналы ғұмырын ғылым жолына арнаған ...
Шетел әдебиеттерді насихаттау мақсатымен облыстық кітапханасының Шетел ...
Ұлы Отан соғысы – тек майдан даласындағы ерлік қана емес, сондай-ақ тылдағы ...
Маңғыстау облыстық кітапханасында және аудан, қалалық кітапханаларында ...
25 қыркүйек - Өлкетану залы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Ерен еңбегі ...
11 қыркүйек - Отбасы күні аясында «Бақыт кілті – отбасында» атты сайыс ...
2025 жылдың қыркүйек айында облыстық кітапханасының Маңғыстау Креатив алаңы ...
Облыстық кітапханасының Шетел әдебиеттері залында шілде, тамыз және ...
2025 жылдың тамыз айы Маңғыстау креатив алаңы үшін ерекше белсенділікпен өтті. ...
























