• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Жазғы кітапхана

Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырудың бір жолы – қызықты кітап оқыту. Осы мақсатта облыстық кітапханасының Балалар әдебиеттер бөлімі балалардың жазғы мәдени демалысын ұйымдастырып, түрлі форматта іс-шараларды өткізді:

«Бақытты балалар  - бейбіт елдің тірегі» 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай әдеби-сазды кеші өтті. Мақсаты: Балалардың бір-бірін құрметтей білуге, адамгершілік қасиеттерін арттыруға шақыру, өлең оқып, өз ойларын шебер жеткізе білуге баулу, білімдерін жетілдіру.  

«Жазғы демалысқа - жақсы кітаппен» интеллектуалды ойын өтті. Мақсаты: жеткіншектердің кітапқа деген қызығушылықтарын қалыптастыра отырып, білім қөкжиегін кеңейту, өз ойларын  еркін жеткізуге баулу,  білімге құштарлығын арттыру, тез ойлау қабілетімен қойылған сұрақтарға нақты жауап беру дағдыларын қалыптастыру.

«Жол ережесін сақтайық!» тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: Жолда жүру ережесі туралы мәлімет беру, жол ережелерін ойда сақтай білуге үйрету, тәртіптілікке , сақ болуға, көшеде балалардың өздерін дұрыс ұстай білуге үйрету.

«Қазағымның қазынасы - домбыра» 1 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай танымдық сағат өтті.  Мақсаты: балаларды ата-бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімдерін ояту, қара домбыраны қастерлеуге тәрбиелеу.  

«Ертегілер елінде» жобасы «Айгөлек» әдеби-танымдық клубының қатысушыларымен өткізілді.

Мақсаты: Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез-құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, жақсы мен жаманды, адалдық пен зұлымдықты, шындық пен өтіріктің арасын айыра білуге, елін, жерін сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. сонымен бірге басқа да шаралар ұйымдастырылды.

Кітапханамен бірге - жарқын болашаққа!






Маңғыстау облыстық кітапханасының Оқу залы қазақ халқының тұңғыш ...

Жаңалыққа өту  

Абонемент секторының  «Ваш топ 5» орыс тілді клуб мүшелерімен дөңгелек үстел ...

Жаңалыққа өту  

Өлкетану залы «Бір өлке – бір тұлға» акциясы бойынша биылғы жылы ақын, сәулетші ...

Жаңалыққа өту  

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында биыл оқуға ұсынылған Қабдеш ...

Жаңалыққа өту  

Тарихшы,Өлкетанушы Есбол Өмірбаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Түбек ...

Жаңалыққа өту  

Облыстық кітапханасында "Менің құқығым, менің міндетім" атты шарасы өтті. Шараға ...

Жаңалыққа өту  

Елордада Сәттіғұл Жанғабылұлының 150 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. ҚР Ұлттық ...

Жаңалыққа өту  

Биылғы жылы Маңғыстау облыстық кітапханасының Өнер секторының қызметкері ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстау креатив алаңында 2026 жылғы 16 қаңтар күні Облыстық ғылыми-әдістемелік ...

Жаңалыққа өту  

Жуырда, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай, көзі көрмейтін және нашар ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу