Кітапханадағы кездесу: Темір Мыңжас
2 желтоқсан күні конференц залында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі қаламгер, ақын Темір Мыңжастың 70 жасына орай "Өмірін жырмен тербеткен" кездесу кеші өткізілді. Кешке облыс әкімінің орынбасары Ұ. Тналиев, Е. Іңірбай, Ө. Көшбай, Ү. Жәлеке сынды зиялы қауым өкілдері қатысты. Темір Мыңжас - өлке жұртшылығына белгілі ақын, журналист ретінде танымал. Ақынның "Бойтұмар", "Атамекен", "Жүрек сөзі", "Сені іздедім", "Аққайын жылап тұр", "Жыр бақыты", "Күншуақ" атты кітаптары және екі томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. 30-ға жуық ән мәтінінің авторы. Мұнан басқа ақын шығармалары "Қарлығаш", "Қос ішек - Струны души", "Бекет ата", "Дала данасы", "Жыр моншақ", "Кәусар бұлақ" сынды оннан астам ұжымдық жинақтарға, "Жыр маржаны" атты он томдық поэзия антологиясына енді.
«Ертегілер еліне саяхат» атты әдеби іс-шара балаларды халық ауыз әдебиетінің бір ...
Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының Көзі көрмейтін және нашар көретін ...
Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлім қызметкерлерінің ...
16-шілде күні Маңғыстау облыстық кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінде ...
Облыстық кітапхана қызметкерлері Жаңаөзен қалалық орталық кітапхана мен ...
«Бір ел–бір кітап» республикалық акциясы аясында биыл оқуға ұсынылған Қабдеш ...
ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ 2026 ЖЫЛҒЫ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ИДЕОЛОГИЯСЫН ...
Елімізде шілденің алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып ...
Құрметті Маңғыстау облыстық кітапханасының оқырмандары! Сіздер үшін керемет ...
9-маусым күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...

























