• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

«Халықтың таңдаулы 100 кітабы»

"100 кітап" жобасы аясында Бейнеу аудандық кітапханасының Ақжігіт ауылдық кітапханасында  21 тамыз  күні «Жүрекке жол тапқан 100 кітап» атты әдеби подкаст ұйымдастырылды. Подкаст барысында қазақ әдебиетінің алтын қазынасына айналған шығармалар  жайлы пікір алмасып, оқырмандарға рухани бағыт-бағдар берілді. Шарада «Халықтың таңдаулы 100 кітабы» жобасына енген туындылардың мазмұны мен тәрбиелік мәні талқыланып, олардың жастарға берер тағылымы кеңінен сөз болды. Оқырмандарға белгілі қаламгерлердің шығармаларынан үзінділер ұсынылып, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға мән берілді. Подкаст соңында қатысушылар өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісіп, әдебиеттің адам өміріндегі маңызы мен рухани әлемді байытудағы рөлі жайында ой толғады. Бұл әдеби басқосу кітапсүйер қауымға ерекше әсер қалдырып, әр жүрекке кітаптың қадірін сезіндіре білді. 

Төлеп ауылдық кітапханасында ерекше кеш өтті! Таңдаулы "100 кітап" жобасы аясында ұйымдастырылған "100 кітап — 100 сыр" атты лотереялық кешке кітапханамыздың тұрақты оқырмандары жиналды. Оқырмандар билеттер суырып, ондағы кітаптарды мазмұндап, өз білімдерін ортаға салды. Екінші кезеңде – таңдаулы 100 кітап ішінен қойылған викториналық сұрақтарға жауап беріп, өздерінің тапқырлығы мен білімін көрсетті. Соңғы кезеңде қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды. Бейнеу аудандық кітапханасының атынан берілген сыйлық кешке ерекше сән берді. Шара соңында оқырмандар "Таңдаулы 100" кітап көрмесін тамашалап, өздеріне жаңа рухани олжалар жинады. Бұл кеш – кітаптың құдіретін, оқырманның ынтасын, руханияттың биіктігін тағы бір мәрте дәлелдеген тамаша басқосу болды! 



Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырудың бір жолы – қызықты кітап ...

Жаңалыққа өту  

26-ақпан күні облыстық кітапханасы техникалық әдебиеттер бөлімінің ...

Жаңалыққа өту  

Әрбір халықтың рухани құндылығы – оның ұлттық мәдениетінің алтын қоры. Осындай ...

Жаңалыққа өту  

Облыстық кітапхана өлкеміздегі 69 кітапханаға әдістемелік орталық болып  ...

Жаңалыққа өту  

Облыстық кітапханасының Балалар бөлімінде 22-қаңтар күні «Оқы, талқыла, досыңа ...

Жаңалыққа өту  

7 қаңтар күні Өнер бөлімі  әнші, актер, режиссер, ұлттық кәсіби театрдың негізін ...

Жаңалыққа өту  

   Жазушы Эльвира  Жусупбекованың  екі тілде  шығарған  «Ішкі жан дүниеңнің ...

Жаңалыққа өту  

2025 жыл - «Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында облыстық кітапханасының ...

Жаңалыққа өту  

Әрбір халықтың рухани құндылығы – оның ұлттық мәдениетінің алтын қоры. Осындай ...

Жаңалыққа өту  

 Облыстық кітапхана — өңіріміздің аса ірі ақпараттық және мәдени ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу