«Менің атым – Махамбет» тарихи-танымдық сағат
Облыстық кітапханасында батыр, ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай «Менің атым – Махамбет» тарихи-танымдық сағаты өтті. Іс-шараға Ш.Есенов атындағы университеттің студенттері қатысты. Бақтөреев Жантөре, Сайлау Әлихан, Тілек Берекет, Артур Алина, Қайнар Сүйеубаев сынды өнерпаздар өнер көрсетіп, ақынның өлеңін оқып, күйін тартып, жырын айтты.
Сонымен бірге, кеш қатысушыларына «Дауылпаз ақын Махамбет» атты кітап көрмесі таныстырылды.
«...Еділдің бойы ен тоғай
Ел қондырсам деп едім,
Жағалай қонған сол елге
Мал толтырсам деп едім...» деп, елдің теңдігі мен жердің кеңдігі жолында жанын құрбан еткен Махамбет Өтемісұлының аты қашан да ұлықталуы тиіс деп білеміз.
Жыл сайын кітапхана қорымен, кітапхана бөлімдерімен танысу мақсатымен қала, ...
Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырудың бір жолы – қызықты кітап ...
26-ақпан күні облыстық кітапханасы техникалық әдебиеттер бөлімінің ...
Әрбір халықтың рухани құндылығы – оның ұлттық мәдениетінің алтын қоры. Осындай ...
Облыстық кітапхана өлкеміздегі 69 кітапханаға әдістемелік орталық болып ...
Облыстық кітапханасының Балалар бөлімінде 22-қаңтар күні «Оқы, талқыла, досыңа ...
7 қаңтар күні Өнер бөлімі әнші, актер, режиссер, ұлттық кәсіби театрдың негізін ...
Жазушы Эльвира Жусупбекованың екі тілде шығарған «Ішкі жан дүниеңнің ...
2025 жыл - «Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында облыстық кітапханасының ...
Әрбір халықтың рухани құндылығы – оның ұлттық мәдениетінің алтын қоры. Осындай ...
























