Ұлттық кітап күні аясында
Ұлттық кітап күні аясында Маңғыстау облыс кітапханаларында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Атап айтсақ, Қарақия аудандық кітапханасының Жетібай ауылдық балалар кітапханасы «Кітап - ғажайып әлем» атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Сайыс барысында оқырмандар балалар ақын-жазушыларының шығармаларын мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап берді. Қатысушылар дипломмен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
https://www.facebook.com/share/p/1BGJxsgZRs/?mibextid=wwXIfr
Қарақия аудандық кітапханасының стационардан тыс қызмет көрсету кітапханасының ұйымдастыруымен "Кітаппен дос болайық" атты ақпараттық сағат кітап оқудың маңыздылығын түсіндіру, ересек адамдар арасында кітапқа деген қызығушылығын арттыру, рухани дамуға, ой-өрісті кеңейтуге ықпал ету мақсатымен өтті. Шара барысында кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптарға шолу жасалып, кітапты тап ойыны арқылы оқырмандармен кері байланыс жүргізілді.
https://www.facebook.com/share/v/18cGgZ1GZR/?mibextid=wwXIfr
Сенек ауылдық кітапханасында «Кітап – өткен мен бүгіннің алтын көпірі» атты кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар кітапхана бөлімдерімен танысып, кітап қоры және жаңа әдебиеттер туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, оқырмандар арасында сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, қызықты тапсырмалар орындалды. Балалар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті.
https://www.facebook.com/share/r/1GmaHKNdmx/?mibextid=wwXIfr
Бейнеу аудындық жасөспірімдер кітапханасында терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу қажеттігін ұғындыру мақсатымен «Әдебиет әлемінде» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Шараға «Күйкен» мектебінің оқушылары қатысып, кітап және кітапханашылар туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып, «Балбырауын», «Келіншек» күйлерін нақышына келтіріп орындады. Кешімізді қызықты әрі әсерлі өткізу мақсатында «Киіпкерлер әлеміне саяхат», ЖИмен жасалған видео арқылы мақалды табу және есеп шығару ойындары ұйымдастарылды. Кеш соңында белсене қатысқан оырмандар «Үздік оқырман», «Көңілді оқырман» «Тапқыр оқырман», «Есепке жүйрік», «Алғыр оқырман», «Белсенді оқырман» атты медельдармен марапатталды. Оқырмандар кеш туралы жылы лебіздерін білдіріп, алдағы уақытта кітап оқуға деген ынталарын жарыса жеткізді
«Weekend. Book. Vibes» атты бағыт бойынша Сарға ауылдық кітапханасында 19-шы сәуір күні «Кітаппен әр күніңді жарқын ет» талқы like форматында өтті. Кітапханамыздың тұрақты оқырмандары өздерінің оқыған әдеби кітаптарын ұсыну арқылы шығармашылық қабілетін арттыруға ой өрісін дамыту мақсатында оқыған кітаптарын талқылап, пікірлерімен бөлісті. Кітаптар туралы өй бөлісіп, авторлар жайлы мәліметтермен танысты.
Ақжігіт ауылдық кітапханасында “Оқуға құштар ұлт – болашаққа бастар жол” атты әдеби кафе кеші өткізілді. Кеш қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері – Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов, Фариза Оңғарсынова шығармаларынан үзінді оқумен ашылды. Оқырмандар ақын-жазушылардың терең ойлы туындыларын мәнерлеп оқып, көркем сөздің құдіретін сезінді. Сонымен қатар, “Кітап - білім бұлағы” атты кітап көрмесі қойылып, жаңа және классикалық шығармалар кеңінен таныстырылды.
Түпқараған аудандық кітапханасының Қызылөзен ауылдық кітапханасында “Мен оқыған бір кітап” тақырыбында кітап оқу марафоны ұйымдастырылды. Оқушылар кітап оқу марафоны аясында көптеген қызықты шығармалармен танысты. Солардың ішінде ерекше әсер қалдырған бір кітаптың мазмұнын айтып берді. Бұл кітап оқушыларды жаңа ойларға жетелеп, өмірге деген көзқарастарын кеңейтті. Кейіпкерлердің тағдыры, олардың іс-әрекеті терең ойға қалдырды. Әсіресе, кітаптағы негізгі ой – адамгершілік, адалдық және еңбекқорлық – оқушылар үшін маңызды сабақ болды.
Түпқараған аудандық кітапханасында «Кітап – білімнің қайнар көзі» атты кітапханалық калейдоскоп ұйымдастырылды. Калейдоскопқа оқушылар мен студенттер қатысып, белсенділік танытты. Іс – шара бірнеше танымдық және ойын кезеңдерінен тұрды. Шара «Ойлан тап», «Әдебиет әлемі», «Логикалық сұрақтар», «Әріптен автор тап» кезеңдерінен тұрып, қатысушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Жаңаөзен қалалық орталық балалар кітапханасында "Зере" мектебінің оқушыларының қатысуымен "Білімнің қайнар көзі - кітап" атты көрме-хобби ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар өздері оқыған кітаптарын таныстырып, мазмұнына қысқаша шолу жасады. Одан әрі оқушыларға кітапқа қатысты ойындар ойнатылып, оқушылардың ойлау қабілеті мен белсенділігі артып шара өте мәнді өтті. Көрмеге түрлі жанрдағы әдебиеттер қойылды.
Мұнайлы аудандық орталық кітапханасының Маңғыстау ауылдық кітапханасы, таңдаулы «100 кітап» акциясы аясында «Кітап-сарқылмас қазына» атты №1 мектептің 7-сынып оқушылары арасында дебат ұйымдастырылды. «Білім» тобы мен «Замана» тобы өз ойларын еркін жеткізіп, тың дәлелдер мен ұтымды пікірлер арқылы тартысты сайыс көрсетті. Әр қатысушының белсенділігі мен шешендігі көрермендерді тәнті етті. Пікірталас барысында жастар кітаптың құндылығы, оның адам өміріндегі орны туралы терең ой қозғады.
Ақтау қалалық орталық кітапханасы «Кітап – рухани байлықтың кілті» атты интеллектуалды куизін №3502 әскери бөлім сарбаздарының қатысуымен өткізді. Куиз бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылар Маңғыстау өлкесінің көрнекті қаламгерлері, олардың шығармалары, өмірбаяны және әдебиетке қосқан үлесі сондай-ақ мәдениеті мен тарихына қатысты сұрақтарға жауап берді. Сұрақтар логикалық ойлауды, білімділік және тапқырлықты талап етті. Іс-шара барысында сарбаздар жоғары белсенділік танытып, таған өлкенің әдеби мұрасына деген қызығушылықтарын көрсетті.
https://www.instagram.com/reel/DXOIMfQjJ4-/?igsh=OTg3a2o5cDY1M211
Ақтау қалалық №10 кітапхана филиалы «Бір кітап – мың-мың ой, мың әлем» атты тақырыпта «Үлгілі оқушы» аула клубының балаларымен кітап оқу шарасы ұйымдастырылды. Кездесу барысында қатысушылар өздері оқыған кітаптары туралы ой бөлісіп, әсерлерімен алмасты.
Маңғыстау аудандық орталық кітапханасында «Кітап-уақыттың мәңгілік құралы» кітапты насихаттауға арналған 10 сынып мектеп оқушылар арасында квест ойын ұйымдастырылды.
https://www.facebook.com/share/r/1BbZsMSufj/
Сайөтеc ауылдық кітапхана қызметкерлері «Жауқазын" балабақшасының тәрбиешілері мен балаларына ерекше әрі қызықты саяхат ұйымдастырып, балаларға арналған «Балалар әлемі» журналы таныстырылды. Сонымен қатар, қызықты кроссвордтар шешіліп, балалардың ой-өрісі дамытылды.
Балалар "Құмырсқа мен шегіртке" ертегісімен танысып, еңбекқорлық пен жалқаулықтың айырмашылығын ұғынды.
Сонымен бірге Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күні аясында 16-23 сәуір аралығында облыс кітапханаларында басқа да маңызды мәдени-әдеби іс-шаралар өтті. Барлығы 123 шара. Қатысушылар саны 6 мыңнан аса адам.
26-ақпан күні облыстық кітапханасы техникалық әдебиеттер бөлімінің ...
Әрбір халықтың рухани құндылығы – оның ұлттық мәдениетінің алтын қоры. Осындай ...
Облыстық кітапхана өлкеміздегі 69 кітапханаға әдістемелік орталық болып ...
Облыстық кітапханасының Балалар бөлімінде 22-қаңтар күні «Оқы, талқыла, досыңа ...
7 қаңтар күні Өнер бөлімі әнші, актер, режиссер, ұлттық кәсіби театрдың негізін ...
Жазушы Эльвира Жусупбекованың екі тілде шығарған «Ішкі жан дүниеңнің ...
2025 жыл - «Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында облыстық кітапханасының ...
Әрбір халықтың рухани құндылығы – оның ұлттық мәдениетінің алтын қоры. Осындай ...
Облыстық кітапхана — өңіріміздің аса ірі ақпараттық және мәдени ...
27 ақпан күні жазушы, өлкетанушы Отыншы Көшбайұлының «Ұстаз ұлағаты» атты ...













__879cf6c521c4aae278acae072ec3493a.png)











