• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Аймақтық шаралар

23 қазан күні  облыстық кітапханасының жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен 25 қазан –Республика күніне орай және Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына «Менің Қазақстаным» атты онлайн кездесу кеші Құрманғазы аудандық орталық кітапхана жүйесіне  қарасты Қошалақ ауылдық кітапханасымен бірлескен шара өтті. Шара Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталды.Тікелей эфир онлайн кездесуіміздің қадірлі қонағы –Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті кітапханашысы, жұмекентанушы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Қошалақ ауылының кітапханашысы  Есмұхан Жанизин Долайұлына кезек берілді. Ақын Ж.Нәжімеденовтің өмірі, шығармашылығы жайлы мәліметтер, еске алу жазбалары туралы айтылды. Келесі кезекте кітапхананың тұрақты оқырмандары және «Жігер» шығармашылық клубының мүшелері  ақынның өлеңдерін мәнерле, жатқа  оқыды. «Жырмен өрілген Республика» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды. Кеш соңында №99240 әскери бөлім командирі барша қазақ халқын  Республика күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Шараға белсене қатысқан оқырмандар, ұстаздар Қ.Сыдиықов атындағы МОӘК- ның атынан Алғыс хатпен марапатталды және өлкетанушы Отыншы Көшбайұлының кітаптары сыйға берілді. Шараға  Мұнайлы ауданы,«Қыран» мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушылары және ұстаздары, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг Университетінің 1курс студенттері, Ақтау технологиялық және қызмет көрсету колледж 2 курс студенттер (,кураторы Сәнімгул Меңдиеева), №99240 Әскери бөлімінің командирлері мен сарбаздары және  «Шабыт» өнер мектебінің жетекшісі Бердіғали Қуанышқалиұлы белсене қатысты. 

Іс-шара мақсаты: Республика күні мерекесінің мәнін ашу,ақын, қоғам қайраткері Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығын насихаттау, елге, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру,жастарға патриоттық рух дарыту. Қатысушылар саны: 84 адам.

 



12 наурыз күні кітапханамыздың балалар бөлімінде "НАУРЫЗ - ДУМАН" атты әдеби сазды ...

Жаңалыққа өту  

Өнердің адал перзенті Әмина Өмірзақованың туғанына биыл 100 жыл толды. Той әлемдік ...

Жаңалыққа өту  

11 наурыз - Ұлттық кітап күні! Осыған орай кітапханамыздың оқырмандарға қызмет ...

Жаңалыққа өту  

6 наурыз күні  кітапханамызда Мұрын жырау атындағы Маңғыстау гуманитарлық ...

Жаңалыққа өту  

5 наурыз күні  кітапханамыздың  жасөспірімдер бөлімі мен Сағи Жиенбаев атындағы ...

Жаңалыққа өту  

21 - ақпан Ана тілі күні мерекесіне орай кітапханамыздың оқырмандарға қызмет ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамызда өнер бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанға танымал ұжым «Жорға» ...

Жаңалыққа өту  

Мектеп оқушылары - кітапханада. ...

Жаңалыққа өту  

12 ақпан күні  кітапханамызда марқұм ғалым Амантаған Бегжановтың «Көмілген ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамыздың  жасөспірімдер бөлімінде қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу