МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мәдениет және спорт министрлігімен «Парасат жолы» орталықтары арқылы парасаттылық идеологиясын ілгерілету жөніндегі бірлескен жұмыс туралы Меморандумға қол қойды.
Жоба аясында өңірлердегі кітапханаларда «Парасат жолы» орталықтары ашылды. Алдағы уақытта адалдыққа, әдептілікке тәрбиелеу бағытындағы жұмыстарды атқарады.
Онлайн форматта ұйымдастырылған шараға облысымыздан Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасарлары Қ. Мырзағали, Қ. Бәйгебаев, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысы орынбасары Г. Төлеуғалиева мен басқармаға қарасты мекеме, кәсіпорын мекемелерінің басшылары, Маңғыстау облысының дін істері басқармасының басшысы М. Маханбетов, «Маңғыстау-адалдық алаңы» ЖК мүшелері, облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлы қатысты.
#парасатжолы #адалдықаланы #орталық #антикор #маңғыстаукітапханасы #мәдениет #жемқорлыққажолжоқ
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарын жүзеге асыруға сәйкес ...
Кітапханамызға қала сыртындағы "Алау" балалар демалыс орнынан 45 бала келді. ...
"Рухани жаңғыру" аясында "НКОК" компаниясының демеушілік жəне қайырымдылық ...
Бүгін, 10 шілде күні, Астананың 20 жылдығына орай кітапханашылар Хасанова К.А. мен ...
5 шілде күні өнер секторының ұйымдастыруымен "Арманмен өрілген қала" атты ...
28 маусым күні өнер бөлімі кітапханашылардың ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра ...
26 маусым күні кітапханамызда жасөспірім бөлімі қызметкерлерінің ...
22 маусым күні оқу залымызда қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын Мұқағали ...
Маңғыстаудың мақтанышы - Шамшадин Сабытаевтың туғанына 80 жас толуына орай ...