Сәулетші Шота Уалихановтың туғанына 85 жас
Өнер әдебиеттері бөлімінде ҚР еңбегі сіңген сәулетші, Шығыс елдері халықаралық Архитектура академиясының академигі, Республикалық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының төрағасы Шота Уалихановтың туғанына 85 –жылдығына әңгіме-сұхбат өткізілді. Белгілі сәулетші бірнеше ірі ғимараттардың, 20 монумент пен ескерткіштердің авторы. Олардың қатарында Алматыдағы «Динамо» стадионы, еліміздің әр қалаларында салынған Ә.Жангелдин, Т.Бокин, Ш.Уәлиханов, Ғ.Мұратбаев, Т.Бигелдинов, А.Байтұрсынов, Абай ескерткіштері, Д.Қонаев бюсті, Тәуелсіздік монументі бар. Сонымен қатар ҚР жаңа мемлекеттік елтаңбасының авторы. Шота Уәлиханов белгілі саяхатшы, этнограф, шығыстанушы Шоқан Уәлихановтың ұрпағы, Шоқанның туған інісінің баласы. Қазақстанның сәулет және мүсін өнерінде өзіндік үлкен орны бар тұлғаны болашақ жастар танып-білу керек деген мақсатта өткізілген кеште еңбектерінен бейне слайд көрсетілді.
15 ақпан күні Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы ...
14 ақпан күні балалар бөлімінде оқушыларға кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. ...
21 ақпан - Ана тілі күні мерекесі. Осыған орай 15- ақпан күні оқырмандарға қызмет ...
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 14 ақпан күні ақын, педагог Орақ ...
13-ақпан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Пахтакор» өзбек ...
Мен бармаған қазақтың атырабы Маған кел деп мазалап шақырады. Мен баспаған ...
Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" макаласының аясында Қабиболла ...
27 қаңтар күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...
24 қаңтар күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Орынбай ...