Тәуелсіздік туы, желбіре!
12 желтоқсан күні кітапханамыздың балалар бөлімінде "Тәуелсіздік туы, желбіре!" атты әдеби сазды кеш өтті. Кешке қаламыздағы № 8 мектептің 4 "а", "б " сынып оқушылары және №15 мектептің 5 сынып оқушылары қатысты. Балаларға Тәуелсіздік туралы мағлұмат беріліп, оқушылар өздері дайындап келген " Ата = бабам аңсаған тәуелсіздік" атты көрінісін көрсетті. Тәуелсіздік туралы өлеңдерін оқып, әндерін шырқады. 15 мектептің оқушысы Қаржаубай Диляра Ғ. Құрманғалиевтің " Қазақстан " әнін домбырамен шырқап берді. Балаларға Желтоқсан оқиғасы туралы айтылып, Желтоқсан қаһармандарына арналған өлеңдері оқылды. "Мақтанышым - Тәуелсіз Қазақстан " атты кітап көрмесі жасақталып, балаларға таныстырылды. Кеш жүргізушісі: кітапханашы Күланда Хасанова.
15 ақпан күні Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы ...
14 ақпан күні балалар бөлімінде оқушыларға кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. ...
21 ақпан - Ана тілі күні мерекесі. Осыған орай 15- ақпан күні оқырмандарға қызмет ...
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 14 ақпан күні ақын, педагог Орақ ...
13-ақпан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Пахтакор» өзбек ...
Мен бармаған қазақтың атырабы Маған кел деп мазалап шақырады. Мен баспаған ...
Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" макаласының аясында Қабиболла ...
27 қаңтар күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...
24 қаңтар күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Орынбай ...