• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 08:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Пайдалы ақпарат

Кітапханадағы көрме қызметінің жүмысы

Кітапханалық көрмелер негізінде мынадай болып бөлінеді: 

  • -жаңа түскен әдебиеттер көрмесі;
  • -ретроспектівтік (өткен кезең) көрмелер:
  • -тақырыптық көрмелер (салалық және әмбебап). 

Көрмелік қойылымдар түрлерінің тізбесі:
Антология көрмесі
Жыржинақ көрмесі
Сұрақ – көрме
Диалог көрме («Жастарға не қызықты? Сенің арманыңдағы кітап қандай? Жаңа ғасырдың - жаңа кітаптары, Қайта оқып шығатын кітаптар).
Дилемма көрмесі (екі мүмкіндіктің біреуін таңдау)
Құжаттама көрмесі
Сұрақ-жауап сайысы көрмесі (Сіз өз өлкеңізді білесіз бе? Байқауы, ойыны, жұмбағы)
Карта көрме
Таныстыру көрмесі (көрсету)
Естелік басылымдар көрмесі (жанрлық, еске түсіру)
Кеңес көрмесі (ұсыныс)
Жарнама көрмесі
Коллаж көрмесі
Калейдоскоп көрмесі
Хабарлар көрмесі (оқиғалардың шежіресі)
Рейтинг көрмесі
Құрмет көрсету көрмесі (мерейтой, арнау)
Ретроспекция көрмесі («Өткен ғасырдың бестселлерлері»)
Күнтізбе көрмесі (күні)
Саяхат көрмесі т.б.

•Жаңа түскен әдебиеттер көрмесі. Кітапханаға жаңа түскен баспасөз шығармалары мен басқа да құжаттарды қамтитын кітаптар көрмесі қордың жаңа басылымдармен толықтырылуын көрсетеді және оқырмандарға жаңадан түскен баспасөз шығармалары мен басқа да құжаттар туралы уақытында хабар беріп отыру, яғни оқырмандардың толық және тікелей ақпарат алуы мақсатын көздейді. Жаңадан түскен әдебиеттер көрмесінің басты ерекшелігі – кестеге сай жүйелі түрде ұйымдастырылып тұрады. Әдетте бұл көрмедегі әдебиеттер жаңа кітаптардың түсуіне байланысты жаңарып отырады. Көрмеге кітаптар өңделіп, мөр басылғаннан кейін қойылады. Мұндай көрмелерге оқырмандар тұрақты түрде келеді және олардың сұранысы өте жоғары. Көрме оқырмандардың жаңа басылымдармен танысуына және қалаған басылымдарына тапсырыс беруіне қолайлы.

•Ретроспективтік көрме белгілі уақыт аралығын қамтитын өткен кезеңге арналып, кітапхана қорында жинақталған басылымдардан жасалады. 

        Мысалы: 

«Ұмытылған кітаптар» көрмесі. Көрменің мақсаты кезінде жақсы пікірлерге ие болған, бірақ соңғы кезде оқырман назарынан тыс қалған басылымдарды насихаттау.

«Қайта оралған кітаптар» көрмесі. Кезінде оқырмандардың оқуына тиым салынған, кітапхананың арнаулы қорында сақталған құжаттардың, мәліметтердің, кітаптардың көрмесі. Мынаны ескерген жөн: жеке дана құжаттар, сирек және құнды кітаптар сақтық жағдайы жасалғанда ғана көрмеге қойылады.

•Тақырыптық көрме белгілі бір тақырыпты қамтитын құжаттар жиынтығы. Олар төмендегі түрлерге бөлінеді:

  • -Арнайы аталып өтетін және еске алынатын күндерге, мерейтойларға арналған;
  • -Жеке тұлғаларға арналған;
  • -Белгілі бір әлеуметтік мәселеге арналған, халықаралық және ішкі жағдайларға арналған;
  • -Ғылым салаларына арналған;
  • -Өлкетанулық мазмұндағы;
  • -Бір кітаптың көрмесі;
  • -Көрме – оқырман бенефисі;
  • -Әуесқой қызығушылыққа, бос уақытты пайдалануға байланысты тақырыптық көрмелер;
  • -Көрме  - сүйікті іс (шеберхана, бау-бақша, ара өсіру, сурет және т.с.с. әуестік);
  • -Көрме-саяхат. т.б.

Соңғы жылдары кітапханалардың жұмыс тәжірибесінде дәстүрлі емес көрмелер де жиі қолданылып жүр. Мысалы: Бір кітаптың көрмесі. Оны саяси-қоғам қайраткерлерінің шығармалары, ғылыми және көркем әдебиет бойынша жасауға болады. Бір кітаптың көрмесі оқырманға кітаптың өзі жөнінде көбірек білуге, мысалы, автор туралы материалдармен немесе кітаптың, шығарманың тақырыбымен танысуға мүмкіндік береді. Көрмеде кітап әртүрлі жағдайда көрінеді – оның қайта басылғаны, әртүрлі суретшілердің суреттері, кітап пен автордың тағдыры, экранда көрсетілуі, театрда қойылуы, сын материалдары, кітап туралы пікірлер, сонымен қатар оның жарыққа шығару тарихы жөнінде материалдарды қоюға болады. Мұндай көрмелерде кітаптың қысқаша мазмұны қоса беріледі. Осы негіз бойынша бір журналдың, бір газеттің көрмесін немесе бір мақаланың көрмесін жасауға болады. Көрме ақпараттарына құжаттың библиографиялық сипаттамасы, әдебиеттер тізімі қоса берілуге тиіс.




 



Кітапханалардың көрме қызметі кітапхана жұмысының өзекті бағыттарының бірі болып табылады.        Бұл басылымда кітапханалардағы көр

Жаңалыққа өту  

Әлем әдебиетін, ғылыми мақаланы, газет-журналды, қазақша шығармаларды жинаған электрон кітапханалардың тізімі.

Жаңалыққа өту  

Национальные Национальная Библиотека Республики Казахстан Национальная ...

Жаңалыққа өту  

ҚАЗАҚСТАН КІТАПХАНАЛАРЫ ҚР Ұлттық кітапханасы http://www.nlrk.kz/ ҚР Ұлттық ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханашы мамандығы-  жан-жақтылықты, ықтиярлылық пен шамшаң ойлауды, білімділік пен ізгілікті қажет ететін ма

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу