«Көп қырлы кемел ой иесі»
Өлкетану залы «Бір өлке – бір тұлға» акциясы бойынша биылғы жылы ақын, сәулетші Сайын Назарбекұлының шығармашылығы таңдап алынды. Акция мақсаты – туған өлкенің көрнекті тұлғаларын насихаттау, оқырмандарға олардың өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен таныстыру.
Осыған орай Өлкетану залында Сайын Назарбекұлының өмір жолы мен шығармашылығын қамтитын «Көп қырлы кемел ой иесі» атты көрме жасақталды. Көрмеге ақынның поэзиялық жинақтары, сәулет саласындағы еңбектері, өмірбаянына қатысты деректер, фотоматериалдар мен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар қойылды. Көрме жыл бойы оқырмандарға таныстырылып, тақырыпқа сай шолу әңгімелер, таныстырылымдар өткізілуде.
: 16:10
Өлкетану залы «Бір өлке – бір тұлға» акциясы бойынша биылғы жылы ақын, сәулетші ...
Маңғыстау облыстық кітапханасында «Бір өлке – бір тұлға» өлке акциясы 2022 жылдан ...
Облыстық кітапханасының жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен «LІKEBOOK» ...


















