«Артық білім кітапта...» атты кітап сайысы
«Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы» ММ-де 2025 жылы басталған «Артық білім кітапта...» атты кітап сайысы 2026 жылы да өз жалғасын тапты.
Қаңтар айында Әлемге танымал балуан Қ. Мұңайтпасұлының туғанына 155 жыл толуына орай Серікбол Хасанның «Қажымұқан Мұңайтпасұлы кім?» атты кітабы бойынша интеллектуалды сайыс өткізілді. Мақсаты: қазақ халқының ұлы спортшысы, аты әлемге танымал балуан Қ. Мұңайтпасұлының ұлағатты өмірін насихаттау, оның өнегелі жолын жас ұрпаққа үлгі ету және ұлттық рухты жаңғырту. Шараға Мұнайлы ауданы№ 6 мектебінің 4 сынып оқушылары, Advanta.kz мектебінің 4 сынып оқушылары қатысты.
2026 жылдың ақпан айында «Артық білім кітапта» атты жобасы аясында ақын, зерттеуші Б.Жайлаудың «Әбіш Кекілбайұлы кім?» кітабы бойынша 12-13 жас аралығындағы балалар арасында кітап оқу сайысы өткізілді. Жарысқа аудан, қала мектептерінен 24 оқушы қатысты. Бірінші кезеңде «Тұлғаны таны» балалар ұяшықтағы сұрақтарға жауап берді, екінші кезеңде «Сөз сырына үңілейік» кітапта берілген нақыл сөздердің мағынасын айту,үшінші кезеңде «Зерек болсаң – жауап бер» тест сұрақтарына жазбаша жауап беру. Сайыскерлерге Маңғыстау облысы Бекет Ата мешіті жанындағы Қажылар қауымдастығы қаржылай сыйақымен демеушілік жасады.
Мұнайлы аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Бір кітап – бір ұжым» жобасы негізінде «Үздік кітап оқитын ұжым» байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың негізгі мақсаты — қазақ және әлем әдебиетін насихаттау, оқырман мәдениетін көтеру және ұлттық рухани мұраға деген сүйіспеншілікті арттыру. Биылғы дода Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» дилогиясына арналды.
Сайысқа аудандағы №3, №4, №6, №12, №13, №14, №17, №18 және №21 жалпы білім беретін мектептердің ұжымдары қатысты. Қатысушылар үш кезең бойынша бақ сынасты:
«Сұрақ–жауап»: шығарма мазмұны мен терминдері бойынша куиз-сынақ, "Мен осы кітапты оқуға кеңес беремін" тақырыбында кітапты жарнамалау үшін жасанды интеллект (AI) құралдарын пайдаланып бейнероликтер дайындап, "Өнерлінің өрісі кең" кезеңінде роман желісі бойынша сахналық қойылымдар қойылып, монологтар оқылды. Байқаудың әділ бағасын белгілі мәдениет, әдебиет және кітапхана саласының білікті мамандарынан құралған қазылар алқасы берді.
«ОҚУҒА ҚҰШТАР ОҚЫРМАН» жобасы аясында 05.03.2026 ж. ұйымдастырылған ауылдық кітап оқу байқауы – Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Орталық қалалық кітапхана» мемелекеттік мекемесі және «Ұмай» аналар клубының ұйымдастыруымен,спонсырлық көмегімен өтті. Байқау өскелең ұрпақ пен ересек оқырмандар арасында кітап оқу мәдениетін арттыру, рухани байыту және интеллектуалдық дамуға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылады. Жоба жастар мен қоғамды кітап оқуға тарту, оқырман белсенділігін арттыру арқылы елді әлемдегі ең көп кітап оқитын он елдің қатарына қосу мақсатында іске асады.
«Оқуға құштар оқырман» жобасы аясында Санжар Керімбай мен Әділбек Нәбидің «Қаныш және ғылыми майдан» кітабы бойынша ауыл мектептерінің 8-10 сынып оқушыларына арналған байқау өтті.
Бұл байқау 2026 жылдың 2 ақпанынан бастау алды. Байқауға жалпы 171 оқушы қатысты. 1 ай бойы оқырмандар кітапты оқып, І кезеңі 3-4 наурыз күндері өтті. І кезеңнен өткен 20 оқушы финалға жолдама алды.
Байқау барысында қатысушылар кітап мазмұны бойынша 20 сұрақтан тұратын ұяшықтардағы сұраққа жауап берді. Ойлануға 15 секунд уақыт берілді. Қатысушылар білімін әділ бағалау үшін арнайы комиссия құрылды. Сұрақ-жауаптан кейін жұмыстар тексеріліп, жеңімпаз анықталды.
Тексеру уақытында оқырмандар мен қонақтар «Мұнайшы» мәдениет үйінің жас өнерпаздарының өнерін тамашалады.
Шараға Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол оқуға құштар оқырмандардың ынтасын атап өтіп, оқитын қала қалыптастыруымыз қажет екенін атап өтті. Жоба барысында қатысқан 15 оқушыға алғыс хат пен сыйлықтар берілді.
Қала әкімі Жансейіт Қайнарбаев жеңімпаздарға сыйлықтарын табыстады. Жүлдеге ие болғандар: 1-орынды №9 ЖББМ оқушысы Джарылғасыл Диас иеленді. Ол сұрақтарға жауап беріп, 80 ұпай иеленді. Жоғарғы нәтижесі үшін байқаудың жеңмпазы атанып, 100.000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.
2- орынды №9 ЖББ мектептің 10-сынып оқушысы Мырзакулова Марал иеленді. Ол 60 ұпаймен 70 000 теңге ақшалай сыйақыны жеңді.
3- орынды №17 ЖББМ оқушысы Алтмышбай Бекасыл иеленді. 50 ұпаймен 50.000 теңге сыйақыны жеңіп алды.
С.Бегендікұлы атындағы №4 ЖББМ оқушысы Турсынбек Бибігүл мен №18 ЖББМ оқушысы Дүйсенбаева Нұрсая арнайы алғыс хат алып, 20.000 теңге сыйақыға ие болды. Осылайша, жеңімпаздар анықталды. Шара жоғары деңгейде өтті!
2026 жылдың 8 маусымында Жаңаөзен қаласының әкімдігі, Жаңаөзен орталық қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар оқырман» жобасы аясында Санжар Керімбайдың «Бейсен және Болмыс» кітабы бойынша өндірістік мекеме жұмысшыларына арналған байқау өтті. Бұл байқау 2026 жылдың 4 мамырынан бастау алды. Байқауға жалпы 40 жұмысшы қатысты.
Байқау барысында 1 ай бойы оқырмандар кітапты оқып, 30 сұрақтар тұратын ашық және жабық тест сұрақтарына жауап берді. Тестті орындауға 40 минут берілді. Жұмыстар тексеріліп, жеңімпаз анықталды.
Тексеру уақытында оқырмандар мен қонақтар «Ұзақбай жырау Қазжанұлы атындағы Қызылсай ауылдық» мәдениет үйінің жас өнерпаздарының өнерін тамашалады. Жасұлан Таласбаев «Қазақтай ел қайда?», Ханшайым Амиангелдіқызы «Сені жаным көргелі» әндерін орындады.
Шараға Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасыары Уйсенов Мекен Мұханбетұлы мен Жаңаөзен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жүгенбаева Гүлжан Саламадинқызы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол оқуға құштар оқырмандардың ынтасын атап өтіп, оқитын қала қалыптастыруымыз қажет екенін атап өтті. Жоба барысында қатысқан қатысушыларға алғыс хат пен сыйлықтар берілді.
https://www.instagram.com/reel/DZUms5wNB4d/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Оқитын ұлт» жобасы
18.05.2026 ж. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен, Орталық қалалық кітапхана және “Ұмай” аналар клубының ұйымдастыруымен спонсырлық көмегімен «Жұмабек және жер майдан» кітап байқауы өткізілді. Байқау 1 айға созылып, 218 оқушы қатысты.
І кезеңнен өткен 20 оқушы ІІ кезеңге жолдама алды. Оқ бойы оза шапқан жүйріктер бақ сынасып, бас жүлдеге таласты.
Нәтижесінде №5 мектеп-гимназиясының оқушысы Қосай Гүлнәз жүлделі І орын және 100.000 тг ақшалай сыйлыққа ие болды.
ІІ орын және 70.000 тг сыйақыны №11 ЖББ мектептің оқушысы Темірбай Мөлдір қанжығасына байлады.
ІІІ орын және 50.000 тг сыйақыны №18 мектеп оқушысы Оңдас Әсемай иеленді.
Жеңімпаздардың жетекшілеріне де ақшалай сыйақы беріліп, алғыс хатпен марапатталды. Қалған оқушылар арнайы жүлдеге ие болып, қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Шараға қолдау білдірген Жаңаөзен қаласы әкімдігіне, “Атамұра” мәдениет үйіне және “Ұмай” аналар клубына алғыс білдіреміз.
https://www.instagram.com/p/DYejkVAjVlU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы» ММ-де 2025 ...
5-желтоқсан күні облыстық кітапханасында Бекет ата мешітімен бірлескен Серікбол ...















