Облыстық кітапхана – өлкеміздің рухани орталығы
Әрбір халықтың рухани құндылығы – оның ұлттық мәдениетінің алтын қоры. Осындай құндылықты, бабалар аманатын сан жылдар бойы сақтап, қор ретінде шоғырландырып отырған құтты орын – кітапхана.
15 қаңтар күні Өлкетану залы Халық әншісі, күйші Абыл Тарақұлының туғанына 205 жыл толуына орай «Алашқа аты мәлім Абыл күйші» атты онлайн ақпарат берілді. Абыл Тарақұлы күйші, Маңғыстау домбырашылық мектебінің негізін салушы. Жастайынан ән мен күйді серік етіп, Боғда,Қошқар сынды күйшілерді өзіне ұстаз тұтқан. Олардың күйлерін үйреніп қана қоймай, бертін келе өзі де күй шығарып, орындаушылық күйшілік өнерімен танылған Абыл Тарақұлына әлеуметтік желіде ақпарат жарияланды.
21 қаңтар күні Өлкетану залы ақын, филология ғылымының кандидаты Оңайгүл Тұржан 70 жасқа толуына орай «Теңіздер шөлдейді» тақырыбында әлеуметтік желідегі парақшаларында ақпарат берілді. Ақынның шығармашылығына кеңінен тоқталып, әдебиетке, ғылымға қатысты биік болмысы жайлы баяндалды. https://www.instagram.com/reel/DFIC2OmM-FC/?utm_source=ig_web_copy_link
24 қаңтар күні Өлкетану залы «Бір өлке- бір тұлға» акциясы аясында биыл ақын Сабыр Адайдың шығармалары таңдалып алынды.Ақынның шығармаларынан көрме жасақталып, кітаптары оқырмандарға насихатталады. От ауыз, орақ тілді, қабырғалы қайсар қаламгер ретінде, ұлттық рух пен сананың кемелденуіне, туған тіл мен мәдениетіміздің сақаталуына, ұлттың тарихи жадын жаңғыртуға қосқан еңбегі зор. Өскелең өрен жігерін жани алар асқақ рухты, тегеурінді, жасын жырлары ұлттық бояуы қанық, пәлсапалық ойы басым ақын.Сондықтанда жырлары барша оқырманға арналған. Жас ұрпаққа берер өнегесі мол және асқақ рухты жырларын оқуға шақырамыз.
31 қаңтар күні облыстық кітапханасының конференц залында Қазақстан Жазушылар Одағы Маңғыстау облыстық филиалы мүшелерімен кездесу кеші өтті. Кешіне Мәдениет басқармасы мен қызметкерлері, Жазушылар одағының мүшелері, шығармашылық интелигенция қатысты. Шара барысында облыстық кітапханасының өлкетану залының ұйымдастыруымен «Маңғыстау әдебиеті мен мәдениеті» атты кітап көрмесі жасақталып, көпшілікке таныстырылды.
31қаңтар күні Өлкетану залы өлке тарихшысы Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Б.Төлеуғалиұлы 85 жасқа толуына орай «Ұран оттың ұшқыны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. М.Өскінбаев атындағы облыстық филармониясында жазушының шығармашылық кеші өтті. Кеш қонақтары жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесімен танысты.
12 ақпан Өлкетану залында қоғам қайраткері Шабаз Иманалиевтің 85 жылдығына «Азамат боп ғұмыр кешкен жан» атты еске алу кеші өтті. Шабаз Иманалиевтің рухына арналған бұл кеш - оның шығармашылық мұрасын дәріптеу мен болашақ ұрпаққа насихаттаудың жарқын үлгісі болды. Жиналғандар оның еңбегіне деген құрметін білдіріп, өмір жолынан тағылым алды. Шара барысында «Ғибратты ғұмыр» атты көрме ұйымдастырылып, өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетілді.
21 ақпан күні Өлкетану залы Маңғыстаудағы дәстүрлі күйшілік ортаның көрнекті өкілі - Есір Айшуақұлының 185 жылдығына «Көне күннің күмбірі» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды. Шара барысында күйшінің өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәлімет берілді. Ақын, композитор Көмек Ыбырайұлы, күйші Роза Тайманқызы, Маңғыстау облыстық филармониясының күйшісі Майлыбай Қайсар аталған іс-шараға арнайы келіп, Есір атамыз жөнінде жақсы әңгімелерайтты, автор шығармаларының шығу тарихын айта отырып күйден шашу шашты.
17 сәуір күні Өлкетану залында Ұлы тұлға — Бекет атаның өмірі мен діни-ағартушылық қызметін насихаттау, өскелең ұрпаққа рухани тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында тарихи-танымдық сағат өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға Бекет атаның өмірі мен қызметі туралы деректі мәліметтер ұсынылып, оның діни-ағартушылық рөлі мен ел ішіндегі тарихи орны туралы баяндалды. Имам Әнуар Елжан қатысушылармен рухани сұхбат жүргізіп, Бекет атаның ислам діні мен ел бірлігін нығайтудағы еңбегі туралы терең мағыналы ойларымен бөлісті. Іс-шара жастардың тарихи тұлғаларға деген құрметін арттырып, дін мен дәстүр сабақтастығы жайлы түсінігін кеңейтті.
19 сәуір күні Өлкетану залы өлкенің белгілі сатирик–журналисті Қожахмет Демеубергенұлының 75 жасына «Сатира саңлағы» атты онлайн ақпарат ұсынды. Онлайн форматтағы материалдарда оның сатира саласына қосқан үлесі, елге танымал туындылары мен баспасөздегі қызмет жолы қамтылды.
https://www.instagram.com/mangystau_kitapkhana/reel/DI86sgPs2r7/
29 сәуір күні Өлкетану залы «Бір өлке – бір тұлға» акциясы аясында ақын Сабыр Адайдың шығармаларын дәріптеп, жас ұрпаққа туған өлкенің көрнекті тұлғаларын таныстыру мақсатында Ш.Есенов атындағы университеті, «Болашақ» колледжі студенттеріне және «Шыңырау» әдеби клуб мүшелеріне таныстырылымы өтті.
03-ақпан күні кітапханамыздың Оқу залында "Зобалаң жылдар, тәлкекті тағдыр" атты ...
09-ақпан күні кітапханамыздың техникалық әдебиеттер залында "Жер байлығы - ел ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облысына 50 жыл, ...
Биыл "Бір өлке -бір тұлға"-2023 өлкетану акциясы - әдебиеттерін насихаттау бойынша ...
24 қаңтар күні Қ.Сыдиықов атындағы әмбебап кітапханасында, Маңғыстаудың азаматы ...
Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған филиалында ...
Қазақстан Республикасының 2023 жылы еске алынатын күндері мен мерейтойлар ...
Құрметті оқырмандар! Шетел әдебиеттер залында тегін "ағылшын тілін үйрену" ...
Кітап көрмені тамашалауға шақырамыз! 12.01.2023 жылы Оқу залында Мемлекет және қоғам ...
2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, ...